А сериясына қош келдін «Салернитана»

25.08.2021, 03:47
1998 жыл «теңіз жылқылары» үшін несімен есте қалды.
А сериясына қош келдін «Салернитана»

Италияның А сериясына жолдама алған клубтар жайлы жазуды жалғастырамыз. Алдыңғы мақаламда Б сериясында 5 орынға тұрақтап, плей-офф кездесулердің арқасында жоғарғы дивизионға топ ете қалған "Венеция" футбол клубы жайлы жазып едім. Ендігі кезекте «Салернитана» оқырман тарапына өзін таныстыруға асық. 1919 жылы Салерно қаласында іргетасын қалаған "Салернитана" өз тарихында толағай жетістікке жеткен командалар сапынан емес. Құрылған уақыттан бастап 3-ақ мәрте жоғарғы дивизионда өнер көрсетуге мүмкіндік алған Салерно қаласының ұжымы соңғы мәрте 1998 жылы жоғарғы дивизионда бой көрсетіп еді. Дженнаро Гатуззо, Чиро Ферара, Давид Ди Микеле сол кезеңде жасындай жарқырап еді. Қазір де "Салернитана" футбол клубының жанкүйерлеріне клуб тарихындағы ең жемісті кезең қашан орнығып еді деп сұрай қалсаң, ностальгиялық көңіл күйде сағынышпен 1997/1998 жылғы маусым деп кідірмей жауап қатады.

Сол кезде командамен бір толқында есе жүзген қарт жанкүйерлерде сол кезеңге қайта оралуға да бас тартпайтын секілді. Бірақта зуылдап өткен уақыт өткен күнді қайтармайтынын бізден жақсы білетін жанкүйер клуб тарихындағы бақытты кезеңді жүрегінде сақтап қалудан басқа амалы жоқ. Ал қазір "Салернитана" футбол клубы А сериясына қайта оралсада, 1998 жылғы жұлдызды "Ювентус", "Лацио", "Милан", командаларын тізе бүктірген жігерлі ұжымның жанына жақындай алмай тұр. Қазіргі ұжымды сол кезеңдегі ұжыммен салыстыра отырып қатты даттай да алмаймыз. Бұрынғы "Салернитана" еңшісінде жұлдызды ойыншылардың баршылығы өтірік емес. Бірақта сол уақыттағы ойыншылардың құны бізге үн қатардай. Қарапайым футбол жанкүйерінің сөзімен айтсақ сол кезеңдегі Зинедин Зидан, талантымен тәнті еткен француз жартылай қорғаушысын өз қатарына қосу үшін "Ювентус" 4 млн еуро қаражат жұмсап еді. Дәл сол қаражатқа бүгінде Себастьян Ларссон "Спартак" секілді танымал емес ойыншыны сатып ала аласыз. Салыстыра отырып айтайын деген ойымды түсінген боларсыз. Сондағы Зидан секілді жұлдыздың бағасы көк тиынға теңеліп тұрғаны ғой.

Егерде "Салернитана" қазіргі бюджетімен өткенге оралса онда топ ойыншыларды шертіп жүріп алар еді. Білмегенге құлақ қағыс Трансфермаркт сайтының мәліметінше Салерно қаласының футбол клубының осы кезеңдегі бюджеті 30 млн еуроны құрайды. Алайда дамыған заманның ырғағында өмір сүріп жатқан команданың қазіргі бұл бюджеті бір ойыншының толық құны болып отырғаны клуб өзегін бір өртеген шығар. Мысалғы украиндық Руслан Малиновский "Аталанта" ойыншысы бір айлығына толықтай "Салернитана" командасын сатып ала алатындай шамасы бар. Осыдан қарап ақ қымбатқа қолы жетпес "Салеринтана" арзан, тегін ойыншыларға сенім артуы құптарлық іс. Құрамын тізбектеп қарап отсан селт етіп баса назар аударар аяқдопшы жоқ. Трансферлік политикасы да арзан бағаға, жалға футболшы алуға үйреніп қалған секілді. Өйтпесе амал нешік футболшылар келіп кетіп жатыр, орын алмастырар ойыншы болмағандықтан осындай іс әрекетке ұрынары белгілі. Барына қанағат еткен еткен клубтың жағдайы осындай. Нан орнына торт жейтін заман "Салернитана" үшін бір туар. Ең бастысы соған апарар жолдың бастау алғанына өз басым қуаныштымын.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×