28 қараша - футбол тарихындағы ірі апат болған күн

2016 жылдың 28 қарашасында «Шапекоэнсе» клубының ұшағы апатқа ұшырады.
28 қараша - футбол тарихындағы ірі апат болған күн

2016 жыл. 28 қараша. Боливиядан Колумбияға бет алған "LaMia Flight 2933" рейсі. Бортта "Шапекоэнсе" футбол клубының бапкерлері мен ойыншылары отырды. Олар Оңтүстік Америка Кубогының финалына аттанып бара жатқан еді. Команданың 44 жылдық тарихындағы алғашқы финал болатын.

Алайда, күтпеген жерден... Колумбиядағы әуежайға жақын жерде ұшақ апатқа ұшырады. 77 адамның ішінен тек 6 жолаушы аман қалады. Оның ішінде үш футболшы - Жаксон Фолльманн, Алан Рушел, Элио Нето.

Осы жағдайға байланысты үш ойыншы сұхбат берген болатын.

Элио Нето:

- Мен бұл жағдайды түсімде көрген едім. Біз финалға ұшуға бірнеше күн қалғанда мен қорқынышты түс көрдім. Оянғаннан кейін әйеліме түсімде ұшақ апаты көргенімді айттым. Қатты нөсер жаңбырдың астында ұшып бара жатырмыз. Қозғалтқыш істен шықты. Біз құладық, бірақ мен бір ғажайыптың күшімен аман қалдым. Мен қирандының арасында жатыр екенмін. Айнала қап-қараңғы болды. Бұл менің көрген түсімнен есімде қалғандары.

Ұшатын күні мен осы түсті ойымнан бір сәтке де шығара алмадым. Себебі түсім өте шынайы болып көрінді. Сондықтан да ұшаққа мінген кезімде әйеліме хабарлама жаздым. Біз үшін Құдайдан дұға тілегенін қаладым. Мен бұл жағдайдың орын алатынына сенгім келмеді. Бірақ мен үшін дұға тілеуін сұрадым.

Бір кезде менің түсім өңіме айнала бастады.

Қозғалтқыш істен шықты.

Жарық сөнді

Біз ақырындап құлай бастадық.

Бірақ бұл түсім емес еді.

Жаксон Фолльманн:

Біз ұшуға дайындалып жатқанда, барлығы көңілді болды: бір-бірімен әңгімелесіп, карта ойнады және музыка тыңдады.

Алан Рушел:

Ұшар алдында мен карточкалық трюктерді көрсеттім, мен оны әрқашан жақсы көретінмін. Барлығымыз күліп, ән тыңдадық. "Шапекоэнсе" біздің кубокты иеленгенімізге қарамастан, тарихты өзгерткен адамдар тобы болды. Біз Бразилияның кішкентай қаласының атынан қатысып, Копа Судамерикано турнирінің финалына жеттік. Біз шынымен бақытты едік.

Жаксон Фолльманн


Ұшақтың барлық шамдары сөнген сәтке дейін тыныш ұшып келе жаттық. Кенеттен ұшақтың іші тып-тыныш болып қалды. Біз не болып жатқанын білгіміз келді, бірақ стюардессалар үндемеді. Содан кейін құлауға бірнеше минут қалғанда стюардесса өтіп бара жатып: "Біз қонғалы тұрғандықтан қауіпсіздік белдіктерін тағыңыз", - деді.

Тыныштық орын алды. Ұшқыштар бізге ештеңе айтқан жоқ. Содан кейін біз құлай бастадық.

Мұндай сәтті бастан кешірген адамдар көп емес. Бір секунд бұрын сіз достарыңызбен жолда болдыңыз, сіз алға қойған мақсатқа жету үшін ұшып бара жаттыңыз, ал қазір ұшақтың қозғалтқышы жұмыс істемей қалады, сіз құлап бара жатырсыз.

Мен дұға етуге және Құдайдан мені қорғауды сұрауға уақыт таптым. Ұшақ ішінде сіз жасай алатын ештеңе жоқ. Сіз жүгіре алмайсыз, жылай алмайсыз, көмек сұрай алмайсыз, неге бұлай болғанын анықтай алмайсыз. Сіз жасай алатын жаоғыз нәрсе - тек дұға ету және тағдырыңызды Құдайдың қолына тапсыру.

Алан Рушел

Кейде мен сол сәттерді еске түсіруге тырысамын, бірақ есімде жоқ. Менің ойымша, бұл естеліктерге менің миым тосқауыл қояды.

Элио Нето

Ұшақтағы соңғы сөздерім есімде қалыпты. Мен ішімнен дұға тілей бердім. "Құдайым - бізге көмектес! Енді сен - біздің ұшқышымызсың! Біздің ұшаққа көмектес! Бізді аяй көр! Өтінем, Иса, бізге көмектес" деп дұға тілей бастадым. Мен осы сәтте қолымнан ештеңе келмейтінін, барлығы бос әурешілік екендігін түсіндім. Қолымнан келері дұға ету ғана болды.

Жаксон Фолльманн

Көпшілік дауыстап дұға ете бастады. Апаттан бірнеше минут бұрын ұшақтың алдындағы адамдар не болып жатқанын білуге ​​тырысып жатты. Олар айқайлап: "Біреуің маған не болғанын айтыңдаршы! Бізге тым болмаса ақпарат беріңдер!"

Осы айқайлар есімде. Одан кейін не болғаны есімде жоқ.

Элио Нето

Сол сәтте айнала қап-қараңғы болды.


Жаксон Фолльманн

Мен орманда ояндым. Көзімді аштым, бірақ ештеңе көрінбеді. Жаңбыр жауып тұр. Өте суық еді. Мен ештеңе көрмедім, бірақ дауыстарды естідім. Адамдар айқайлап көмек сұрады. Мен де айқайлай бастадым, бірақ мен қайда екенімді түсінбедім. Біздің ұшақтың құлағанын білмедім. Менің тек өлгім келмегені есімде.

Ең қиыны, достарымның қалай көмек сұрағанын есту болды, бірақ мен ештеңе істей алмадым. Тіпті орнымнан тұра алмадым. Өте қараңғы болды, ештеңе көрмедім. Енді менің командаластарымның қалай өлгенін көрмегенім үшін Құдайға мың алғыс айтамын.

Мен оянып, қайта есімді жоғалттым. Мен қанша уақыт талып жатқанымды, қанша сағат ұйықтағанымды білмеймін.

Бір кезде орман жақтан шамның жарығын байқадым.

Адамдар маған қарай жүгіріп келе жатты. Олар: "Полиция, полиция!" деп айқайлады.

Полиция келген сәтте, бұған дейін көмекке шақырған адамдардың көпшілігінің үні шықпады. Достарымның дауыстары әлсіреді. Бұл қорқынышты сәт болды.

Құтқарушылар бізге жеткен кезде сержант Нельсон қасыма келді. Мен оған қолымды көтердім. «Сабыр сақта. Сіз құтқарылдыңыз», - деді ол. Содан кейін ол менің атымды және менің жасымды сұрады. Мен қақпашымын деп жауап бердім.

Кейін сержант маған бұл оның өмірінде көрген ең жаман көрініс екенін айтты. Ол мені көтеруге тырысты, бірақ ешқандай нәтиже болмады - бардық жерім ауырды. Оң аяғымнан айырылып қалғанымды түсіндім.

Мені жерден көтеріп сол маңдағы төбеге алып келді. Бұл өте қиын және қауіпті сәт болды - ұшақтың қирандылары барлық жерде болды және өте өткір болды. Біздің құтқарушылар - батырлар. Менің су сұрағаным есімде. Құтқарушылар маған аздап су құйды, содан кейін мен ұйқыға кеттім.

Элио Нето

Мен ауруханада оянған кезде, апатты есіме түсіре алмадым. Әйелімнің айтуынша мен "Құдай бізбен бірге болды" деп екі рет қайталаппын.

Дәрігелер маған апат жайында ештеңе айтпады. Алдымен, менің өзіме келгенімді қалаған болар.

Мен қайда екенімді түсінгім келді. Және ауруханада екенімді түсіндім... Бірақ, бұл жерге қалай тап болдым? Жан-жағымдағы адамдар испанша сөйлегенін анық білдім. Сонда да менің ойлануға шамам келмей жатты.

"Шапекоэнсенің" дәрігерін көрген кезде қуана кеттім. Сол кезде біздің финалда ойнау керек екеніміз есіме түсті.

- Док, ойында не болды өзі? Мен қалай жарақат алдым?

- Иә, Нето сен ойында жарақат алдың...

- Ойын қалай болды?

- Білмеймін, сен ауырып қалғандықтан, ауруханаға сенімен бірге келдім.

Мен оған сендім. Және ойын әлі болып жатыр деп ойладым. "Мен өз бауырларымның қасында болуым керек еді ғой! Мені бұл мүмкіндіктен неге айырдың" деп іштей қынжылдым.

Алан Рушел


Ауруханада оянған кезімде "бұл рас па?" деп қайталай беріппін.

Дәрігердің кеңесі бойынша әкем ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды, Жаксон мен Нето жарақат алды, бірақ есін жиды деп жауап берді.

Мен келесі күні ойнаймыз деп ойладым. Ауруханада жатқанымда денем қатты ауырды, мен не болғанын түсінбедім, бірақ бәрінен бұрын ойын үшін алаңдадым.

Олар мені тыныштандырып, жасанды түрде ұйықтатып, тағы да оятты. Бейне сілтеме арқылы мен әкемнің арқасында достарыммен және отбасыммен сөйлестім. Олардың барлығы мен үшін дұға етіп жатқандықтарын айтты. Мұның бәрі түс сияқты болды.

Келесі күні көптеген дәрігерлер келді және олар менімен сөйлеспекші болды. Олар маған ақпарат беретіндерін айтты, бірақ мен сабырлы болуым керек еді. Сонымен мен біздің ұшақтың құлағанын білдім. Тек алты адам тірі қалды. Мен, Жаксон, Нето, журналист және екі стюардесса.

Менің өмірім күйреді. Әйелім менің күні бойы аспанға қарап жатқанымды айтты. Және бірінші ойлағаным: "Бұл жай қорқынышты түс. Бұл өтірік. Мен енді оянамын"

Элио Нето

Мен қарқынды терапия бөліміне түскен екенмін. Бір қызығы есімде ештеңе жоқ. Үстіме қарасам, көгеріп түгі қалмапты. "Мұндай жарақатты ойында қалай алдым? Мені жарақаттаған ойыншы ірі болды-ау, сірә" ,- деп ойлай бастадым.

Басымда неше түрлі ойлар өрбіп жатты. Мүмкін жанкүйерлер алаңға шығып, бізді ұрып кетті ме? Мүмкін, тұрақта көлік қағып кетті ме?

Бірақ, ұшақ жайлы ештеңе де есіме түспеді. Бірде, мен көзімді ашып, оянған кезде әкемнің менің қасымда үстелде отырып, жылағанын көрдім. Не болғанын түсіне алмадым. Біраз күннен кейін, палатаға бірнеше дәрігерлер кірді. Олармен бірге менің анам, әкем, әпкем, психолог және пастор(протестанттар шіркеуінің қызметшісі) болды.

Әкем маған "Түсің есіңде ме?" деді.

Мен: - Әрине, есімде. Мен әйеліме айттым. Түнде ұшақта болдық. Жаңбыр жауып тұрды. Қозғалтқыш сөніп қалды. Біз құладық. Мен қирандының арасынан шықтым. Дала қараңға болды. Бәрін айта бастаған кезде ішім бір жамандықты сезді. Анам сол сәтте жылап жіберді.

Ақыр аяғында дәрігер маған : "Бұл түс емес, Нето. Бұл шындық. "Шапекоэнсенің" ұшағы апатқа ұшырады" ,- деді.

Өмірдегі ең нашар сәт. Мен дәрігердің есі ауысқан деп ойлай бастадым. "Бұлай болған жоқ! ЖОҚ! Не сандырақтап тұрсың?",- дедім.

Содан соң, мен бұның рас екенін түсіндім. "Мен тірімін, демек басқалары да - тірі" деп ойладым.

- Басқалары қайда? Олардың жағдайы қалай?

- Тірі қалған тек сен, Алан мен Жаксон.

Мен сене алмадым. "Мен тірі қалғанда неге достарым өліп кетуі керек?"

Дәрігер маған: "Сіз бір Құдайдың арқасында аман қалдыңыз",- деді. Мені апат болғандардың ішінен ең соңынан тауыпты. Мен үйіндінің арасында сегіз сағат жатыппын. Құтқарушылар мұның қалай болғанын кейін айтып берді.


Таңға жақын барлығы апат болған жерден кете бастапты. Полиция біздің заттарымызды жинап, сол арада жүріпті. Бір кезде бір офицер, "Ей, бірдеңе естілген сияқты",- деді.

Ол "дауыс осы жерден шықты" деді.

Екінші офицер "Қойшы енді, сегіз сағат болды ғой",- деді.

Кішкенеден кейін, екеуі де маған жақын келді. Офицерлер мені көтеріп алып, үстімді жапырақтар мен ұшақтың қалдықтарынан тазалады. Мен өмір мен өлімнің арасында тұрғанымды түсіндім.

Бірнеше айлардан кейін мен балаларымды көрдім. Қуанышымда шек болмады. Менің ұлым және қызым бар. Егіз. Он жаста. Апат болғаннан кейін әйелім оларды Бразилияда тастап кетіпті. Колумбияда болғанда оларды бірде-бір рет көрмедім. Менің бетімнің өзінде-ақ тыртықтар бар еді. Мені бір елес көргендей бақылап тұрды.

"Мені құшақтамайсыңдар ма?" дедім.

Олар мені үнсіз құшақтады. Олар жылады. Ұзақ жылады. Олар тілдерін жұтып қойғандай, сөйлей алмады. Біздің ұшақтың рейстерін бақылайтын компания әрдайым жанармайды үнемдеуге тырысатын. Осыған қарап, бұл апаттың ерте ме, кеш пе орын аларын түсіндім.

Олар ақша үнемдегілері келген, дегенмен де, оның орнына адам өмірін қиды. Барлығы кінә ұшқыштан дейді. Бірақ, тек ұшқыш қана кінәлі емес. Мысалы, жанармайы жеткіліксіз ұшаққа санкция берген адам. Олар ережені бұзды! Мен апатты зерттеудің әділ, таза болғанын қалаймын. Барлығы өз кінәларын мойындарымен көтерсін!

Ұшқыш өлді, бірақ бұл әділеттілік орнады дегенді білдіре қоймас. Бірақ, адамның іштарлығы сонша... Білесіздер ме? Інжілде "Ақшаға деген махаббат - жаман істердің бастамасы" делінген.

Колумбиядан Бразилияға қайта оралғанда, мен қорықтым. Ұшақтан шықтық. Бізді көп адам күтіп алды. Содан соң, ауруханаға бардық. Ол жақта да бізді көп адам күтті. Барлық жерден махаббатты сезіндім. Мұндай оқиғалар өмірді өзгертеді. Мәңгіге. Бірақ, менің өмірге деген көзқарасым әлі қалпында. Мен әлемнен, адамдардан жақсылық күте беремін!

Жаксон Фолльманн

Апат болғаннан бері сегіз ай өтті. Біздің тірі қалуымыздың себептерін таба алмайсыз. Мен жауап іздеуді доғардым. Бес ай емделгеннен кейін Алан «Шапекоэнседе» ойнауға қайта оралды. Нето оқуға оралды, бұл өте жақсы.

Мен ше? Ал, мен аяғымнан айырылдым, иә. Бірақ мен жүремін. Мен алға қарай жүремін. Мен бақытты өмір сүремін. Егер сіз бәріне оң көзбен қарасаңыз, күлімдеуді әлі есіңізде сақтасаңыз, бәрі жақсы болады. Мен өмірдегі талғамымды жоғалтқан жоқпын, әсіресе біздің әуе апатынан кейін. Бала кезімнен мен күлімсіреп жүрдім. Мен қақпашы болуды армандаған кішкентай бала едім. Құдайға шүкір, 12 жыл ішінде бұл арман орындалды.

Алан Рушел

Апат маған әр секундымды бағалауға үйретті. Мен он минутта не болатынын білмеймін, бөлмеден шыққан кезде не болатынын білмеймін. Егер сіз шынымен бірдеңе жасағыңыз келсе, оны жасаңыз. Толыққанды өмір сүріңіз. Ертең сізге не болатынын білмейсіз.

Элио Нето

Ауруханада жөргек киюіме де тура келді. Бір ай бойы жуына алмадым. Мен алғаш теріме су тигенін сезгенде бақыттан басым айналды. Жылаудың аз-ақ алдында болдым.

Апаттан кейін алғаш допты тепкенде өзімді баладай сезіндім.

Сол апатта менің де өлуім керек еді. Бірақ, Құдай менің соңғы сөздерімді естіді. Маған мүмкіндік берді. Мен енді Құдайды құрметтеуге және достарым үшін дұға оқуға тырысамын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.977
Ничья
3.995
П2
3.71
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.915
Ничья
3.95
П2
3.99
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.509
Ничья
4.945
П2
6.22
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.315
Ничья
3.62
П2
2.233
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.394
Ничья
3.81
П2
2.894
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.025
Ничья
3.79
П2
1.946
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.087
Ничья
14
П2
29
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.691
Ничья
4.48
П2
4.735
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
Aladop Youtube
×