2020 жылы бюджеттен футбол клубтарға қанша қаржы бөлінді?

22.06.2020, 23:39
Бюджет қаражаты футболды дамытуға емес, легионерді байытуға жұмсалды.
2020 жылы бюджеттен футбол клубтарға қанша қаржы бөлінді?

«Ертістің» қарызы 3,6 млрд теңге

Жергілікті бюджетті сүлікше сорған футбол клубтарының «бұлыңғыр ісі» бітпей тұр. COVID-19 пандемиясымен келген дағдарыстың жаңа толқыны кезінде мемлекеттің бюджетіне «өмір сүріп» отырған футбол клубтарынан кезекті бүлік шықты. Бұған дейін атағы жер жарған «Ертіс» қарызға белшеден батып, биылғы ойынға қатыспайтынын мәлімдеді.

Павлодарлық футбол клубының «қаржылық ахуалын» тексерген тәуелсіз сарапшылар талай былықтың бетін ашқан. Мысалы, жаттықтырушылар мен футболшыларға миллиондаған сыйақы есептелгені мәлім болды. 2017-2019 жылдар аралығында жергілікті жаттықтырушылар мен ойын құрамы өз еңбекақысынан бөлек 379,5 млн теңге сыйақы алыпты. Одан бөлек, спорттық жетістіктері үшін тек футболшылар ғана емес, әкімшілік-басқару аппаратының қызметкерлері де үнемі сыйақы алып отырған. Өткен жылы «Ертістің» тек сыйақыға жұмсаған қаражаты – 36 млн теңге. Оның ішінде 8 млн теңге клубқа қатысы жоқ, жалған келісім-шарт бойынша белгілі бір адамдарға берілген.

Карантинде әрбір үшінші ер адам баласының сабақ оқуына көмектескен

Бүгін қазақстандықтар күннің ерекше тұтылуына куә бола алады

Жақыныңа жанашыр бол: Коронавирус белгілері жоқ 616 адам анықталды

Мемлекеттің ақшасын «ханталапайға» салған «Ертіс» клубының 973,9 млн теңгені құрайтын төленбеген салығы бар. Мысалы, жер салығына соңғы 3 жылдың ішінде мүлдем төлем жасалмаған.

Павлодар облыстық Спорт және туризм басқармасы басшысы Марат Айдашевтің айтуынша, биыл мемлекеттік қазынадан клубқа 1,8 млрд теңге бөлінген.

– Бюджеттен берілетін ақшамен қоса, демеушілер тарапынан 1,6 млрд теңге жоспарланған. Оның 200 млн теңгесі берілді. Бұл қаражат қаңтардағы спортшылардың айлығын төлеуге жұмсалды. Несие берешегінің жалпы сомасы 1,8 миллиард теңгеге жуық. Заң бойынша биыл мемлекеттен түскен ақшаға несие берешегін жаба алмаймыз. Сондықтан клубқа түсетін басқа қаражаттың барлығы 1,8 млрд теңгені жабуға бағытталады. Ал жыртығы жамалуы тиіс қарыз көлемі – 3,6 млрд теңге, – дейді Марат Айдашев.

Сөйтіп, бұрынғы клуб дирекциясына қатысты анықталған заң бұзу фактілері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікке жіберілген. Нәтижесінде қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

М. Айдашев журналистерге берген сұхбатында «Ертістің» бас демеушісі – ERG компаниялар тобы уәде еткен 1,6 млрд теңгенің орнына 200 млн теңге бөлді деп хабарлаған. Мәселенің анық-қанығын білу үшін ERG компаниялар тобына хабарласқан едік. Белгілі болғандай, биыл «Ертіс» клубына 200 млн емес, 500 млн теңге бөлініпті. Сөйтіп, 2019-2020 жылдарға жоспарланған 1,8 млрд теңге толықтай аударылған. Ал келер жылы ERG «Ертіске» демеушілік көрсететіні турасында ақпарат әлі анық емес. Спорт сарапшылары бас демеуші беретін қаражат қарызды жабуға кететін болғандықтан, келесі жылы «Ертіс» демеушісіз қалатын шығар деген пайым айтады.

Қазақстанда алматылық «Қайрат» пен елордалық «Астанадан» басқа клубтар облыстың қарамағында. Әлбетте, жергілікті бюджеттің қомақты бөлігі де соларға тиесілі. Спорт сарапшылары, кейінгі жылдары клубтарды жекеге өткізу мәселесі жиі көтеріліп жүргенін айтады. Мысалы, «Ақтөбе» клубының сатылымға шығатыны туралы ақпарат тарады. Бұл клуб жыл соңына дейін жекешелендіруге өтеді деген жоспар бар. Десе де, шығыны көп, өзін-өзі ақтауға қауқарсыз клубтарды сатып алуға ешкімнің асықпайтынын футбол сарапшылары жарыса айтуда.

Қазақ футболы - Азат Перуашев

Азат Перуашев

Азат Перуашев: «Ертіске» жаным ашиды

«Футболшыларды мемлекеттің қаражатына асырауды тоқтату керек» деп алғаш баскөтергендердің бірі Парламент Мәжілісінің депутаты – Азат Перуашев. Оны қазіргі «Ертістің» мүшкіл хәлі бей-жай қалдырмапты.

– «Ертістің» жағдайына ішім ашиды. Бұл команда бұған дейін 5 рет Қазақстан чемпионы атанды. Халықаралық аренаға шықты. Бірақ 30 жыл ойнаса да, әлі күнге дейін балалар секциясынан шыққан футболшыларды білмеймін. «Ертістің» ақшасы таусылған кезде атын, атағын, намысын қорғайтын сол жастар болуы тиіс еді. Одан бөлек, клубтың тамыры жоқ, уақытша пайда табуға құрылғаны білініп қалды. Мемлекет бюджетінен бөлінген 30 жыл бойы ақша футболды дамытуға емес, легионерлерді «байытуға» кетті. Бұл ақша аспаннан түскен жоқ, сіз бен біздің маңдай терімізбен тапқан табыстың салығы екенін ұмытпауымыз керек, – дейді депутат. Оның айтуынша, мемлекеттің бюджетінсіз футбол командаларының болашағы расында да бұлыңғыр.

– Бізге шет елден (Өзбекстан, Ресей, Беларуссия) келген футболшылардың басым бөлігі өз бабында емес, спорттық мансабының соңына тақап қалғандар. Олар Қазақстанды «зейнеткерлік кезеңін» өткізетін сауықтыру орны сияқты көреді. Бізге сырттан келген спортшылар өз елдерінде бәсекеге қабілетсіз. Оларға жұмсаған қыруар қаражатты өз жастарымызға беретін болсақ, қазақ футболының болашағы үшін әлдеқайда тиімді болар еді, – дейді Перуашев.

Оның айтуынша, бұрын жергілікті футбол клубтарының кездесуі әкімдер арасындағы атжарыс сияқты болатын. Бәйгеден бірінші келу үшін ақшасын береді, бабын келістіреді.

– Қазіргі кезде жағдай өзгерді. Футболды жеке адамның амбициясынан бөлек, кәсіпқой сала ретінде қарастыру керек. Футбол арқылы жастарды спортқа баулу соншалықты миллиардтаған қаражатты талап етпейді. Соны жергілікті атқарушы органдар түсінуі керек. Жергілікті бюджеттегі ақшаның 90 проценті тек футболға аударылып отыр. Қалған спорт түрлері қайда қалды? Оның өзінде оны дамытуға емес, легионердің қалтасына кетіп жатыр, – дейді депутат.


2018 жылғы ұлттық лигалардың жиынтық кірісі

(УЕФА деректері «клубтарды лицензиялау бойынша салыстырмалы есеп: қаржы 2018 жыл»)

№Ұлттық лигаЖоғары дивизион клубтарының орташа табысыЕлдегі барлық клубтардың жалпы табысы1Англия272 млн евро5,4 млрд евро2Германия175,3 млн евро3,2 млрд евро3Испания157,3 млн евро3,1 млрд евро4Италия115,3 млн евро2,3 млрд евро5Франция84,7 млн евро1,7 млрд евро16Қазақстан10,1 млн евро121 млн евро

Қазақ футболы - Қуаныш Оналбаев

Қуаныш Оналбаев

Клубтардың көбі қарызға белшеден батып отыр

Zertteu Research Institute қоғамдық қорының жетекшісі Қуаныш Оналбаев, мемлекеттен футбол клубтарын қаржыландыру тоқтатылатын болса, барлығы «Ертістің» тағдырын қайталайтынын айтады.

– Жергілікті клубтарға бюджеттен бөлінген қаражат тек футболшылардың айлығын төлеуге, шығындарын жабуға кетеді де, стадиондар мен инфрақұрылымды, балалар футболын дамыту мәселесі жайына қалады. Осы ретте, қарызға белшеден батқан «Ертіс» қана емес, бұл біраз футбол клубтарының басында бар мәселе. Анализ жасап қарайтын болсақ, клубтарда стратегиялық жоспар жоқ. Клуб бір жылға футболшылармен келісімге тұрады да, одан кейін әркім өз жөнімен кетеді, – дейді Қ. Оңалбаев.

Сарапшының айтуынша, негізі футбол клубтары өз-өзін қаржыландыру үшін 6 бағыт бойынша жұмыс жасау керек. Яғни, трансляция арқылы, УЕФА-дан түсетін табыс, match day яғни футбол болатын күні көрермендерден түсетін табыс, жекелей демеушілерден және жарнамадан түсетін табыс, одан кейін барып мемлекеттің қолдауы арқылы бюджеттен қаралатын қаражат, соңғысы жас футболшыларды даярлап, қымбат командаларға сатудан түсетін табыс.

– 2018 жылы Қазақстан футбол клубтары 120 млн доллар табыс тапқан. Оның ішінде 72 процентті мемлекеттік бюджет құрап отыр. Ал 19 процентті демеушілерден түскен табыс деп есептеп отыр. Осы ретте, «Астана» клубының демеушісі «Самұрық-Қазынаның» мемлекеттік секторға жататынын ескеру керек. Сонда 19 процент те мемлекеттің ақшасы деген сөз. УЕФА-дан түсетін табыс – 8 процентті құрайды. Бар болғаны 1 процент қана билетті сатудан түскен қаражат. Бәріміз білеміз, Англия әлемде футболдан ең көп табыс тауып отырған мемлекет. Бұл елдегі жалпы табыстың 53%-ы телеқұқық есебінен. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, көрші Ресейде телеқұқықтан түсетін табыс 3-4 %-ті құрайды. Бұл елде де біздікі сияқты футбол командалары мемлекеттің қаражатына қарап отыр, – деді Қуаныш Оналбаев

Қазақ футболы - инфографика 1


20 елдің кірістер мен трансферттік кірістер ағыны.

120 миллион евродан асқан клубтардың жиынтық табысы

(УЕФА деректері «клубтарды лицензиялау бойынша салыстырмалы есеп: қаржы 2018 жыл»)  

Ұлттық лигаЕлдегі барлық клубтың жалпы табысыТв құқық УЕФА-дан түсетін табысБилет сатылымыКоммерциялық демеушіліктен түскен табысМемлекеттік бюджетАнглия5,4 млрд евро53%7%13%26%1%Германия3,2 млрд евро34%7%16%38%5%Испания3,1 млрд евро42%8%18%27%5%Италия2,3 млрд евро47%11%12%25%6%Франция1,7 млрд евро37%11%16%24%13%Қазақстан121 млн. евро0%8%1%19%72%

Қазақ футболы - Айдын Қожахмет

Айдын Қожахмет

«Барселонаға» ең таңдаулысын береді

Футболды кәсіп ретінде қарастырып, ақша табуға болады. Бұған Еуропаның озық үлгісі дәлел. Спорт шолушысы, кozhakhmet_inside телеграм-арнаның авторы Айдын Қожахмет осылай дейді.

– Ірі компаниялар өз брендтерін таныту үшін футбол командаларына қаржылық демеушілік көрсетеді. Тек біздің елде тиісті, ұтымды тетіктерді қолдану жетіспейді. Мысалы, Барселона қаласындағы Саграда Фамилия ғимараты сияқты Каталонияның брендіне айналған «Барселона» команданың ойынын тамашалау үшін әлемнің әр бұрышынан «Камп Ноу» стадионына мыңдаған халық ағылады. Турист ағынының артуы ең алдымен қала бюджетінің бүйірін толтыратыны сөзсіз. Егер де «Барселона» жаңа стадион салу үшін жер сұрайтын болса, қала мэрі «ең таңдаулысын» беретіні сөзсіз. Осылай команда мен жергілікті атқарушы орган қоян-қолтық жұмыс жасайды. Өйткені, бір-біріне керек. Бізде клубтарға мемлекет үйіп-төгіп ақша береді. Ал басқа жағы ақсап жатыр, ̶ дейді сарапшы. Оның пікірінше, футбол арқылы табыс табудың жолы көп. Мысалы, Еуропада ойын болатын күні (match day) клубтар сыра сатуға көбірек акцент береді. «Боруссия» және «Бавария» сияқты клубтар бір күнде 150 000 литр сыра сатады екен. Сондықтан клубтар одан да көп табыс табу үшін крафт сырасын сатуды жолға қойыпты. Тіпті сырадан түскен қаражат клубтардың фанаттық заттарынан түскен табыстан әлдеқайда жоғары екен.

Футболшы – негізгі тауар

– Еуропада соңғы 10-15 жылда табыс табу және қаражат жұмсау жағынан 1-ші орынға «Реал», «Манчестер Юнайтед» немесе «Бавария» емес, «Порто», «Бенфика», «Спортинг», «Аякс» сияқты командалар алға шығып отыр. «Реал» және «Барселона» клубтарының қанжығасындағы қаражат жоғарыда аталған клубтармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін бәрі біледі. Бірақ олардың жұмсайтын ақшасы яғни, шығыны да әлдеқайда көп. Бір ғана мысал, «Порто» жыл сайын 14-15 жастағы көзге түскен жас талантарды ары кеткенде 5 миллион еуроға сатып алып, «Реал» және «Арсеналдарға» 30-40 миллион еуроға сатады. Бұл клубтар әр футболшыға инвестиция ретінде қарау арқылы табыс тауып отыр, – дейді А. Қожахмет. Спорт шолушының сөзінше, Украина футболында біздегідей бюджеттен ақша берілмейді. Балтық жағалауы елдерінде футбол клубтарының қаражаты айтарлықтай көп емес. Мысалы, 1 млн доллар клубтың екі жыл «қысылмай өмір сүруіне» жеткілікті. Ал Белоруссияда клубтардың басым бөлігі жекеменшік иелігінде. Бұл елдегі ең сәтті жүзеге асқан жоба – БАТЭ. Соңғы 20 жылда клуб өз елінде бренд болып қалыптасуымен қатар, өз стадионын, академиясын, базасын салып, Еуропада танымалдылыққа ие болды. БАТЭ бюджеті жылына 4,5 миллион еуро. Бұл ақшаны клуб өзі тауып отыр. Оның ішінде еурокубокқа қатысудан түсетін табыстың үлесі жоғары. Көрші Ресейдегі жағдай біздікіндей. Негізінен мемлекеттік компаниялардың есебінен алаңға шығып жүрген клубтар басым. Жекеменшіктері саусақпен санарлық. Бейнелеп айтқанда, Орталық Азиядағы футбол әзірге мемлекеттің демеуімен «күн көруде». Бірақ әр елдің моделі әртүрлі. Мысалы, Өзбекстанда соңғы 30 жылда 20 жаңа футбол алаңы салыныпты. Бұл елдің жасөспірімдер арасындағы құрамасы Азиядағы алдыңғы қатарда. Жастарға мүмкіндік беру жағы жолға қойылып келеді.

https://aikyn.kz/qazaq-fwtbolyn-angqaw-basshylar-basqara-ma/

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×