2016 жылғы ертегінің бас кейіпкері Англияға қайта оралды

«Лестерден» кеткеннен кейін Раньери Италияны бір шарлап келді.
2016 жылғы ертегінің бас кейіпкері Англияға қайта оралды

"Уотфордтың" бас бапкері болу - сіздің алғашқы сәтсіздіктерден-ақ жұмыстан кетуіңіздің кепілі. "Викаридж Роуд" ешкіммен мақтана алмайды. Бұл клуб соңғы 10 жылдың ішінде 15 жаттықтырушыны ауыстырды. "Уотфорд" бұл жолы Хиско Муньосты команданы Премьер-лигаға алып шыққанына қарамастан, қызметінен босатты. Жеті турдан кейін команда 15-ші орынға жайғасты. Командадағы ойыншылардың деңгейін ескерсек, бұл қалыпты нәтиже. Себебі "Уотфорд" Премьер-лигадағы ең арзан команда болып саналады.

Соңғы турда "Уотфорд" "Лидске" 0:1 есебімен ұтылды, ал осыдан кейін The Athletic басылымы испаниялық бапкердің жұмыстан шығарылғанын хабарлады.

Муньос бас бапкер ретінде 10 айға да шыдамады - енді оның орнына команданы Клаудио Раньери басқарады. Муньос қызметінен кету арқылы Премьер-лига тарихындағы ең жылдам қуылған 20 бапкердің қатарына енді. Дегенмен, "Уотфордтан" жеті турға жете алмай кеткен бапкерлер де болған екен.

Неліктен "Уотфорд" жаттықтырушыларды жиі ауыстырады?

2012 жылы "Уотфордты" италиялық "Удинезені" басқаратын кәсіпкер Джампаоло Поццо тізгіндеді. Италияда Поццо үнемі жаттықтырушыларды алмастырды, сондықтан англиялық клубта да бапкер алмастыруды әдетке айналдырды. Көп ұзамай Джампаоло клубты өзінің баласы Джиноға табыстады, бірақ жағдай өзгерген жоқ. Джино да жаттықтырушылардан құтылуды өзінің хоббиі етіп алды.

Поццоның дәуірінде "Уотфордты" ең ұзақ уақыт жаттықтырған Хави Грасия болды - 594 күн. Оның қол астында команда Англия Кубогінің финалына дейін жетті және 2018/2019 жылғы маусымда Премьер-лигада 11-ші орынға ие болды. Бірақ Грасия жаңа маусымды сәтсіз бастағаннан кейін жұмыстан қуылды.

Неліктен таңдау Раньериге түсті? Ол әлі де жақсы бапкер ме?

"Лестермен" чемпион атанғаннан кейін италиялық жаттықтырушы өте қиын маусым өткізді. Чемпиондар Лигасында клуб өз тобынан сенімді түрде шыққанымен, Премьер-лигада Чемпионшипке түсіп қалмау үшін күресті. Раньери қызметінен кеткен кезде "Лестер" 17-ші орында болды.


Кантенің "Челсиге" ауысуы, Марездің нашар ойыны, қарсыластардың Раньеридің тактикасына бейімделуі, команда ішіндегі жанжал - мұның бәрі италиялық ертегі құрастырушының командадан кетуіне түрткі болды.

Содан кейін көпшілігі "Лестердің" бұл әрекетіне қарсы бола бастады. Сол кездері "Челсиді" баптаған Жозе Моуриньо пресс-конференциялардың біріне CR деген жазуы бар жейдесін киіп келді: "Раньеридің құрметіне "Лестердің" стадионына соның есімін беруге болады. Мен "Челсиден" чемпион ретінде қуылдым. Мен ойлағандай, өте жаман жағдай. Бірақ бұл Клаудиомен салыстырғанда әлдеқайда жақсы", - деді португалиялық маман.

Раньери отставкаға кеткеннен кейін көп ұзамай оның "Зенитті" тізгіндеуі мүмкін мүмкін деген қауесет пайда болды, бірақ Клаудио 2017 жылдың жазында "Нанттың" бас бапкері атанды, ол Франция чемпионатын сол жылы 9-шы орынмен аяқталды.

"Нанттан" кетуіне Раньеридің клубтың 75 жылдық мерейтойына келмеуі әсер етті: "Мен бұл жерге келгенде автотұрақта тым көп көлік болды. Бос жер табу өте қиын болды. Содан кейін мен президентке салтанатты жиынға қатыспайтынымды айтып, жүргізушіден мені әуежайға апаруын сұрадым, ол жерден мен жеке ұшақпен Лондонға аттандым. Қатты жаңбырдан кейін менің пәтерімнің тас-талқаны шыққан екен", - деп түсіндірді Раньери бұл жағдайды.


Осыдан кейін Раньери жарты жыл бойы жұмыссыз жүрді, бірақ көп ұзамай АПЛ-ден ұшқалы жатқан "Фулхэмді" жаттықтыру туралы шешім қабылдады. Бірақ ертегі қайталанбады - үш жарым ай бойы Раньери теңгерімсіз құраммен ештеңе істей алмады және өз орнын Скотт Паркерге босатып берді.


2019 жылдың наурызында Раньери жұмыстан қуылған "Романың" бапкері Ди Франческоның орнын басты, бірақ команданы Чемпиондар Лигасына шығара алмады. Алайда, "Рома" жанкүйерлері жаттықтырушымен лайықты түрде қоштасты.


Кішкене үзілістен кейін Раньери "Сампдорияға" келді. Айтпақшы, ол бұл жерде де Ди Франческоны қайта алмастырды. Мұнда Клаудио тағы да өзінің сүйікті 4-4-2 схемасымен жұмыс жасады. Дегенмен, жазда италиялық бапкер клубтан кетті.

Енді Англиядан ұсыныс түсті. "Уотфорд" тез шешім қабылдады - Поццо Раньеримен жақсы таныс және онымен бірге бірнеше рет матч тамашалаған.


"Уотфорд" басшыларының бірі бұл шешім туралы мынадай пікір білдірді: "Мен бұл дұрыс таңдау екеніне сенімді емеспін. Бізге күтуге тура келеді. Дегенмен, Раньери Хискоға қарағанда әлдеқайда тәжірибелі. Енді бізде қиын күнтізбе бар, көшбасшыларға қарсы ойнаймыз - жаңа жаттықтырушы "Лестердегідей" біз күткеннен де жақсы нәтиже көрсетеді деп сенеміз.

Клубтың екі таңдауы бар. Егер Раньери нәтиже бермесе, онда оны тез арада жұмыстан шығарады - бұл "Уотфордта" қалыптасқан жүйе болып табылады. Алайда, Раньеридің "Сампдориядағы" соңғы екі маусымы оның әлі де болса күш-қайраты бар екенін дәлелдеді. Жаңа бапкер тағайындаған клубтың алғашқы матчтарда ұпай жоғалтпайтыны көпке мәлім. Ал Раньери тек алғашқы матчтармен шектелмейтін шығар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.5
П2
8.95
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.34
Ничья
3.585
П2
2.232
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.405
Ничья
3.85
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.12
Ничья
3.805
П2
1.923
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.159
Ничья
8.95
П2
19
Aladop Youtube
×