Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының тәрбиеленушісі Арман Кеңесов қарағандылық «Шахтер» командасына қарсы матчта ойын көрсетті.
«Мен бұған 12 жыл дайындалдым. Матчтың өз жерімде, таныс мінберде өткеніне қуанамын.
Мен алғашқы құраммен шығар кезде қатты толқыдым, әсіресе бастапқы 10-15 минутта бұл қатты байқалған болуы керек. Одан кейін өзімді еркін ұстай бастадым, оны өз бетімше жасаған қимылдардан аңғаруға болады», - деді Арман Кеңесов.
«Павлодарлық спорт мектебінің тәрбиеленушісі Арман Кеңесов «Ертістің» негізгі командасының құрамында қарағандылық «Шахтерге» қарсы ойын көрсетті. Жас жартылай қорғаушы бастапқы команданың құрамында алғаш рет ойнады», - деді «Ертіс» клубының баспасөз қызметіндегілер.
Бозбаланың сөзінен белгілі болғандай, ол бапкерлер штабына берілген мүмкіндік үшін алғысын білдіреді.
«Бұл - ерекше сезім. Мен бұны жаттығуларда жән-тәніммен дайындалғаным үшін берілген сый деп түсінемін. Бапкерлерге осындай мүмкіндік үшін рахмет айтамын. Бұл соңғы ойын болмайды деп үміттенем. Ойын жайлы айтар болсам, оны көп жағдайда біз басқардық», - деді А. Кеңесов.