17 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ҚЫЗДАР ҚҰРАМАСЫ БІШКЕКТЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ

22.07.2018, 06:51
17 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН ҚЫЗДАР ҚҰРАМАСЫ БІШКЕКТЕ ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ТОП ЖАРДЫ
Қазақстан құрамасы «Үміт» халықаралық турнирінде екі ойында жеңіп, бір ойынды тең аяқтады.
Турнирдің соңғы ойынында Қазақстан құрамасы Тәжікстан құрамасынан 4:0 есебімен басым түсті. Елдана Әйтімбетова екі гол соқса, Александра Бурова мен Ділназ Жәкішева бір-бірден көзге түсті. Турнир қорытындысы бойынша Александра Бурова үздік қорғаушы, Елдана Әйтімбетова үздік сұрмерген атанды. Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Өзбекстанмен (1:1) тең түсіп, екінші кездесуде Қырғыз Республикасының құрамасынан (5:1) басым түсті. Тәжікстан WU-17 - Қазақстан WU-17 - 0:4 (0:0) Голдар: Әйтімбетова 47, 59, Бурова 74, Жәкішева 80. Қазақстан: Оразбекова (Түймебаева 64), Әйтімбетова (Абылғазиева 87), Шолақова, А.Шалмұқанбетова (Сейіткереева 54), Ташмет (Мұқашова 74), Бурова, Иванова, Ф.Исмаилова, Кенжетай, Көпжанова, Махаматова (Жәкішева 46). Аға жаттықтырушы - Орынбасар Дәуренбекова

kff.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×