Айта кетейік, 38 жастағы футболшы "Лос-Анджелес Гэлакси" сапына ауысқанға дейін "Мальме", "Аякс", "Ювентус", "Интер", "Милан", "Барселона", "ПСЖ" мен "Манчестер Юнайтед" сынды ұжымдар сапында өнер көрсеткен.
Осы айдың соңында Златан мен "Лос-Анджелес Гэлакси" арасындағы келісім-шарт аяқталады. Британдық The Telegraph басылымының мәліметіне сенсек, Ибрагимович жаңа жылдан бастап "Милан" сапына қайта оралуы бек мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, футболшы 2010-2012 жылдар аралығында Италия ұжымында доп тепкен-ді. Аталған ақпарат көзінің мәліметінше екі тарап келісім-шарт жайын талқылап та үлгерген. "Россонери" Златтанның трансферін 15 желтоқсан клубтың 12 жылдық мерейтойы қарсаңында жариялауды жоспарлап отыр.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET