Жарнама
Жарнама

Зидан 2019 жылы "Ювентусте" Аллегриді ауыстырады

23.08.2018, 03:12
Жарнама
Жарнама
Зинедин Зидан келесі маусымнан бастап "Ювентусті" баптайды. El Mundo Deportivo пайымдауынша, француз маманы "Ювентусті" 2014 жылдан баптап келе жатқан Массимилиано Аллегриді 2019 жылдың жазында ауыстырады. Аллегридің баптауымен туриндік клуб төрт Италия чемпионы атанды.
Зинедин Зидан мадридтік "Реалмен" Чемпиондар Лигасын үш мәрте қатарынан ұтқанына қарамастан, испандық клубтан осы жазда кеткен болатын. Зидан ойыншылық кезеңінің 1996-2001 жж. аралығын "Ювентусте" өткізген. Одан кейін сол кездегі рекордтық баға саналған 75 миллион еуроға "Реал" сапына ауысқан болатын.
Ал, жазғы трансферлік кезеңде "Реалдың" көп жылдар жұлдызы болған Криштиану Роналду "Ювентуске" ауысқан болатын. Қызығушылық тудыратыны сол Зидан туриндік клубқа бапкер атанғанша Роналду 35 жасқа таяп қалады және спорттық бабын сақтап қала алуында!? Алайда, италияндық клубқа ауысар сәтіндегі медициналық тексерістер португалдық ойыншының организмін оның табиғи жасынан 10 жылға жас екендігін көрсетті, - деген ақпараттар тараған болатын.
   
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров