Жарнама
Жарнама

Жуниор Кабананга Конго ДР құрамасына шақырту алды

23.08.2018, 02:35
Жарнама
Жарнама
Конго Демократиялық Республикасының құрамасы 9қыркүйек күні Африка Ұлттар Кубогы іріктеу кезеңі аясында Либерииға қарсы ойнайды.

Осы кездесуге «Астана» футбол клубының шабуылшысы Жуниор Кабананга шақырту алғанын, - "Астана" ФК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Айта кетейік, Конго ДР құрамасы Либерииден бөлек, Конго және Зимбабве құрамаларымен бір топта өнер көрсетеді. Және соңғы құрамамен Кабананганың отандастары бірінші турдан кейін үш ұпайдан жинап, алғашқы орынды өзара бөлісіп тұр.

Бұған дейін "Астананың" тағы бір легионері Ричард Альмейда Әзірбайжан құрамасына шақырту алған болатын. Әзірбайжан құрамасы Ұлттар Лигасын Косово (7 қыркүйек, өз алаңында) және Мальта (10 қыркүйек, сырт алаңда) құрамаларына қарсы кездесулермен бастайды.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров