Атақты шейх әл-Нахаян сатып алған "Ньюкасл" командасы бас бапкер қызметіне Жозе Моуриньоны шақырмақшы. Ол жайында ағылшын елінің баспасөзі жазып отыр. Шейхтің өзі командаға Жозені шақыру керек деп айтып қалыпты. Ал Моурдың өзі бір сұқбатында "Ньюкасл" еурокубок аймағына ене алатын команда және Англия ішінде бір трофей ұтуға қауқары бар, болашағы зор команда деп айтыпты. Ендеше жақын арада бұл келісімге де нүкте қойылып қалар.