«Галатасарай» футбол клубының баспасөз қызметі «Фенербахченің» бас бапкері Жозе Моуриньюді қылмыстық жауапкершілікке тартпақ.
Даудың басы «Галатасарай» мен «Фенербахченің» Түркия Суперлигасында өзара кездесіп, тең тарқасқан (0:0) матчынан басталған. Стамбулдық клуб басшылығына португал маманының пікірі ұнамапты. Моуриньюдің - «Галатасарай» өкілдері орындыққа маймыл секілді секірді» дегені тіпті олардың ашуын тудырған. Осы жағдайдан кейін «Галатасарай» шағымданып отыр.
«Түркияда жұмысқа кіріскен уақыттан бастап «Фенербахче» бапкері Жозе Моуринью үнемі түрік халықына қатысты үнемі жаман пікір айтумен келеді. Ал, оның бүгінгі айтқаны мүлдем анайы болды, адамдықтың шекарасынан шығып кетті. Біз оның үстінен нәсілшілдікті қоздырды деп қылмыстық жауапкершілікке тартылуын талап етеміз. Тіпті УЕФА мен ФИФА-ға шағым түсіреміз», - делінген «Галатасарйдың» ресми мәлімдемесінде.
«Галатасарай» дәл қазір Түркия чемпионатының көшін бастауда. Ал Моуриньюдің «Фенербахчесі» екінші орынға жайғасқан.
Біздің серіктес: FONBET