Жарнама
Жарнама

Жоау Фелиш - 19 жастағы вундеркинг туралы сіз білмеген мәліметтер

25.04.2019, 04:42
Жарнама
Жарнама
Португалия футболының болашағына баланатын ойыншы туралы біле жүріңіздер!  "Бенфика" мен "Айнтрахт" арасындағы Еуропа лигасының ширек финалдық ойыны. Ойын тағдырын шешкен хет-трик авторы небәрі, 19 жастағы бала - Жоау Фелиш Секейра.  Міне, осы күннен бастап оны "кəртамыс" құрлықтың танымал басылымдары "жаңа Роналдуға" балап, күн сайын ТОП клубтарға атастырудан жалығар емес. Ендеше, Фелиштің көпшілік білмеген қырларымен таныса отырайық!  "Бенфика" сапына ауысқан "Портудың" шəкірті "Бенфиканың" басты жұлдызында айналып келе жатқан жас шабуылшы біріншіліктегі басты қарсыластарының бірі "Порту" академиясынан шыққанын көпшілігі біле бермейді. Кезінде Жоауды 15 жасында физикалық əлеуеті əлсіз деп "Порту" академиясы ары қарай тəрбиелеуден бас тартады. Ал қазір бармақтарын шайнап отырғандары анық. Өйткені, сол бала осы күндері күллі Португалия мақтанышына айналып келеді. Бұл жайтқа қатысты "Портудың" экс-капитаны Родолфо Рейш: "Фелиштен күдер үзіп, лайықты емес деп тапқан адамның академия қабырғасында қалай жұмыс істеп жүргеніне таң қалам",- деп клуб скауттарын сынаған болатын. Өз кезегінде "Порту" жастар командасының басшылығы "Бенфика" тарапынан тым жоғары жалақы ұсынылғаннан соң ойыншының өзі бас тарта алмады деп ақталғандай болды. Ол өзін мойындатты! Лиссабонға қоныс аударған беттен жаңа командаға тез бейімделіп, келісті ойын өрнегін көрсете бастады. Салған беттен "Бенфика" жейдесінде 2 девизионда гол соққан ең жас футболшы атанды. Дəл осы сəтті Руй Виторидің орнына енді отырған Бруно Лаже - Фелишқа сенім артып бірінші команда да ойната бастады. Бұл жолы да сенім үдесінен шыққан Фелиш "Спортингпен" болған екінші ойынында есепті теңестіріп, ересектер арасындағы алғашқы голын салды. Жалпы 2018-19 жылғы маусымда 37 матчқа қатысқан шабуылшы 16 гол соғып, 9 рет нəтижелі пас беріп үлгерді. Інісі бардың тынысы бар! Естеріңзде болса, Еуропа лигасының ширек финалындағы алғашқы матчта португалдық вундеркинг хэт-трик жасаған-ды. Үшінші голдан соң Жоауоның алаң жиегіндегі болбойды құшақтай кеткенін байқағанбыз. Сөйтсек, қапталдағы бала Фелиштің туған інісін екен. Дербидегі маңызды жеңіс! Қай кез болсын Лиссабондағы екі клуб "Бенфика" мен "Спортинг" арасындағы дерби қызыққа толы өтетін. Биылғы маусымдағы екінші кездесуде де "Бенфика" 4-2 есебімен жеңіске жетті. Өзінің бұрынғы командасының ойынын көруге келген Роналдудың алдында Фелиш бір гол салып, матчтың үздік ойыншысы болып танылады. Ойыннан кейін "Бенфика" вице-президенті Руй Гомеш: "Бүгін алаңда Португалияның ең үздік ойыншысы доп тепті. Роналдудың оны көруге келгені қандай ғанибет",- деп əзіл-шыны аралас сөзбен КриРоның шымбайына тиюге тырысады. Əмбебап -Фелиш! 19 жастағы сұрмерген шабуылдың кез келген позициясында ойнай алады. Дегемен қос қапталға қарағанда, алаң ортасында жиі шығып жүр. Сұңғыла бойына қарамастан Фелиштің басты артықшылығы допты жақсы бақылай алады жəне жылдам қимылдайды. Қазір нарықтағы бағасы - 120 млн. еуро! Биыл маусым басталарда ойыншының "Вест Хэм" қатарына қосылуы бек мүмкін болған. Алайда, клуб директорының іске араласуымен клубта қалды. Ал қазір "Бенфика" Жоао Фелиш үшін 120 млнның өзін азсынып отыр. Бұл ойыншыға қызығушы ТОП клубтар қатарында "МЮ", "МС", "Реал", "Бавария", "Арсенал", "Ювентус" "Барселонаның" болуы да таң қалдырмайды. Фелиштің өзі болса АПЛ да ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан еді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров