Бірқатар спорттық сайттар румыниялық легионер Габриэль Энакенің «Жетісу» футбол клубында рекордтық жалақы алатындығы туралы ақпарат таратып жатыр.
«Жетісу» ФК басшылығы бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін хабарлайды. «Жетісу» клубында ойыншылардың жалақы мөлшерінде шектеулер бар - бір миллион теңгеден аспайды.
Естеріңізге сала кетейік, «Жетісу» ФК тек ақпарат көзін ғана емес, сонымен қатар тексерілмеген ақпаратты таратқан БАҚ өкілдерін де сотқа беруге құқылы.
«Жетісу» ФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET