Жетісулық клубты басқарған Қалмұхамет Дөңсебаев былтыр мамырда 31,9 млн теңге жымқырды деген айыппен қамауға алынған.
«Талдықорған қалалық соты «Жетісу» футбол клубы» КМҚК директоры Қалмұхамет Дөңсебаевқа қатысты үкім шығарды. Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Залалдың толық өтелуіне және ауыр сырқаттың болуына байланысты Дөңсебаев мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салумен 7 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды», - делінген Антиктордың хабарламасында.
Естеріңізге сала кетсек, Қалмұхамет Дөңсебаев былтыр мамыр айында қамауға алынған. Талдықорған футбол федерациясын біраз жыл басқарған менеджер «Жетісу» клубының тізгінін 2022 жылы ұстады.
Біздің серіктес: FONBET