"Барселонаның" қорғаушысы Жерар Пике "Камп Ноу" стадионының жөндеу жұмыстарына көмектесуге дайын, деп хабарлайды Daily Mail Marca радиосына сілтеме жасап.
Испаниялық қорғаушы спорт алаңын жаңартуға көмектесуге дайын екенін және клуб пен жобаны қаржыландырғысы келетін компаниялармен келіссөздер жүргізе алатындығын мәлімдеді.
33 жастағы Пике "Барселонамен" келісімшартын 2024 жылдың 20 маусымына дейін ұзартқан болатын, ал оның өтемақы құны 500 миллион еуроны құрайды.
Сонымен қатар, ол "Барселонамен" жалақыны төмендету туралы келіссөздер жүргізген төртінші ойыншы болды. Бұған дейін Марк-Андре тер Штеген, Френки де Йонг және Клеман Лангле ғана коронавирустық дағдарысқа байланысты жалақысын қысқартуға келіскендігі хабарланған болатын.
Біздің серіктес: FONBET