Жарнама
Жарнама

«Жеңіс» жейдесін Бельгия чемпионатының ойыншысы киді

05.03.2025, 14:19

Елордалық клубтың бас директоры Айдын Қожахмет македониялық шабуылшы Эрдон Дачимен келісімге келгенін мәлімдеді. 

Эрдон Дачи
Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, орталық шабуылшы Македония құрамасының сапында 1 және сол елдің жастар командасының жейдесінде 10 матчта өнер көрсеткен. 

«Шабуыл шебін күшейту керектігін білетін едік, алайда, біраз уақыт бойы қажетті ойыншы табылмады. Бұл жерде баға мен сапа сәйкестігі маңызды болатын. Тәжірибесі бар жақсы шабуылшыны алғымыз келген. Сол сияқты ол біздің бюджетімізге де сай болуы тиіс. Ақыр аяғында таңдауымыз сол аяғымен соққы бағыттайтын 26-жастағы осы бір сойқан ойыншыға тоқтады. «Коньяспор», "Васланд-Беверен", "Вестерло", "Дейнзе" – клубтардың тізім жаман емес солай ма?», -  деді отандық менеджер.

 «Жеңіс» ҚПЛ-2025-тің бірінші турында сырт алаңда қызлорданың «Қайсарымен» тең түсіп, бір ұпай олжалады (0:0). Былтыр елордалық клуб премьер-лиганы 10-орынмен аяқтады.

  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров