Жарнама
Жарнама

Жазғы трансферлік терезеде болып жатқан жағдайлар

15.06.2019, 01:56
Жарнама
Жарнама
Эден Азар (Челси-Реал Мадрид 100 млнуро) Көптен күткен трансфер жасалды. 7 маусым күні Эден Азар ресми Реал Мадрид клубымен 5 жылдық келісім-шартқа қол қойды. Зиданның Реал тізгінін екінші мәрте ұстауы Эденнің бала күнгі арманын орындады. Өйткені, Азардың мәлімдеуінше «карольдік клубта» ойнау оның балалық арманы. Челси сапында өткізген 6 маусымда Азар «көктерге» 6 трофей жеңуіне көмектесіті. 2 – Ағылшын Премьер-лигасы, 2 – Еуропа Лигасы, Англия Кубогі және Лиганың Кубогі. Айта кетейік, бельгиялықтың «Челси» сапында өткізген соңғы маусымы ойыншының «Лондондық мансабындағы»  ең жемісті футбол маусымы болды. Барлық өнер көрсеткен турниріндегі соққан 25 гол мен АПЛ-дың үздік асисстенті-25 голдық пас.  ÐšÐ°Ñ€Ñ‚инки по запросу эден азар реал Лука Йович (Айнтрахт Франкфурт-Реал Мадрид 60 млнуро) Каролдік клуб шабуылын жаңа ойыншылармен толықтыруын тоқтатпады. Айнтрахт сапында жасындай жарқылдаған Лука Йович Мадриттік Реалдың қатарына қосылды. Сербиялық бомбардир осы маусымда 27 рет қарсылас қақпасынан саңылау тапқан. Зидан құрып жатқан жаңа команданың басты шабуылшысы болады деп сенеміз.  ÐŸÐ¾Ñ…ожее изображение Ферлан Менди (Лион-Реал Мадрид 55 млнуро) Сәтсіз маусымнан кейін Реал Мадрид біраз жақсы ойыншылармен толықты. Солардың бірі - Ферлан Менди. 24 жасар франциялық сол қаптал қорғаушысы Менди «Лион» сапында жүріп, Еуропаның көптеген топ клубының көзіне түсті. Тіпті, Барселона да Ферлан Мендиді өз сапынан көргісі келді. Бірақ, франциялық ойыншы Мадридтік Реалды таңдады. Екі жақтың келісімі бойынша трансфер құны 55 млн.еуроны құрайды.  ÐŸÐ¾Ñ…ожее изображение Торган Азар (Боруссия Менхенгладбах-Боруссия Дортмунд 25,5 млн.еуро) Эден Азардың туған інісі Торган Азар да осы трансферлік терезеде өнер көрсететін клубын ауыстырды. Боруссияның Менгладбахынан Дортмундына көшті. Екі жақтың келісімімен трансфер құны әлі ресми түрде айтылмады. Бірақ, transfermarket порталының пайымдауынша трансфер құны 25,5 млн.еуроны құрайды. Торганның осы маусымдағы соққан 13 голы мен әріптестеріне берген 12 голдық пасы «Гладбахтың»  еурокубокте ойнауына мүмкіндік жасады. Похожее изображение Нико Шульц (Хоффенхайм-Боруссия Дортмунд 25,5 млнуро) Дортмундтық Боруссия қатарын тағы бір жақсы ойыншымен толықтырды. Нико Шульцта маусымды өте жарқын өткізді. Хоффенхаймда өткізген осы маусымда ол 9 голдық пастың және 1 голдың авторы атанды. Қапталда аянбай тер төгетін ойыншыны қатарына қосу Боруссия Дортмунд үшін керемет трансфер деп айта аламыз. Похожее изображение Юлиан Брандт (Байер-Боруссия Дортмунд 25 млнуро) Боруссия Дортумнд жазғы транслерлік терезеде белсенділігін көрсетуге тырысып бағуда. Оған дәлел, неміс футболының таланты 23 жасар Брандтпен қатарын толықтыруы. Бұл трансфер тек, Боруссияның белсенділігін ғана емес, трансфермен жақсы жұмыс жасай алатынының да дәлелі. Өйткені, бұл неміс футболшысы үшін өзге еуропаның топ клубтары 2-3 есе көп ақша ұсынған болатын. Бірақ, Брандты қатарына қосу бағы Дортмундтың Боруссиясына бұйырды. Маусымдағы 10 гол мен 17 голдық пас Байерге Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңіне қатысу жолдамасын алып берді. Ал, Юлианның өзі Боруссиямен топтық кезеңде өнер көрсететін болады. Картинки по запросу юлиан брандт презентация  Фелипе Монтейро (Порту-Атлетико Мадрид 20 млнуро) Мадридтік клубтар Порту командасының қорғанысын әбден әлсіретті. Реал Мадрид қысқы трансферлік терезеде 50 млн.еуроға Портудың орталық қорғаушысы Эдер Милитаоны өз қатарына қосса, жазғы трансферлік терезеде Мадридтік Атлетико Портудың тағы бір орталық қорғаушысымен қатарын толықтырды. Бразилиялық 30 жастағы ойыншы келесі маусымнан бастап, Атлетико Мадрид клубының намысын қорғайтын болады. Картинки по запросу фелипе монтейро презентация Даниел Джэймс (Суонси-Манчестер Юнайтед 17 млнуро) Юнайтед Чемпионшиптің басты таланттарының бірі, «Суонси» ойыншысы Даниел Джеймсті 17 млн.еуроға сатып алды. Суонси сапында өткізген алғашқы маусымында-ақ көзге түскен Джеймс Уэльс ұлттық құрамасына шақырту алып, ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын соғып үлгерді. Жылдамдығы көз сүріндірер Джеймстің өнерін келесі маусымда Манчестер Юнайтед ойындарынан тамашалайтын боламыз. Похожее изображение Мақала авторы: Ашығалиев Равиль
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров