Жарнама
Жарнама

Жастарымыз соңғы минутта жеңісті беріп қойды

12.09.2018, 18:02
Жарнама
Жарнама
2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу бәсекесінің аясында Словения мен Қазақстан жастар құрамалары Птуй қаласында кездесті. Қазақстан жастар құрамасы ойынды қарқынды бастаған болатын. Алғашқы он минутта өткір шабуылдар ұйымдастырғанымен, қақпаға тура соққы жұмсай алмады. Словенияның бозбалалары өз кезегінде бұрыштама добынан кейін есеп ашты. Гол авторы – Жига Липушек. Жылдам гол біздің ойыншылардың сағын сындырмады. Қалған уақытта Қазақстан жастар құрамасы ойын үстемдігін толық қолға алып, қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Шабуылда Максим Федин, Иван Антипов, Жандос Сұлтан және Наурызбек Жагоров өте белсенді ойнады. Ойынның аяқталуына он минут қалғанда Қазақстан жастар құрамасы керемет комбинация ұйымдастырды. Рамазан Оразов бастаған шабуылды Наурызбек Жагоров жалғастырды. Жагоровтан пас алған команда капитаны Максим Федин әдемі соққысымен таразы басын теңестірді. Алайда, матчтың соңғы минутында алаң иелері айып соққысын сәтті орындап, қайтадан алға шықты. Эрик Глиханың көтерген добы барлық ойыншылардан өтіп, қақпа торынан табылды. Қорытынды есеп – 2:1. Словения U-21 Қазақстан U-21 2:1 Голдар: Липушек, 11(1:0). Федин, 79 (1:1).Глиха, 89 (2:1). Словения U-21: Сорчан (к), Пишек, Станкович, Кухар, Млакар (Озболт, 65), Репас (Петрович, 82), Глиха, Липушек, Брекало, Вокич (Черин, 71), Врбанеч. Қазақстан U-21:  Трофимец, Әбілғазы, Орынбасар, Кусяпов, Соколенко (Ходжамов, 79), Федин (к), Оразов, Жагоров, Перцух (Қалмұрато, 57), Антипов (Наджарян, 68), Сұлтан. Төрешілер: Румшас, Радиус, Аракелян (барлығы – Литва). 11.09.2018. Птуй, Местны.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров