2019 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу раундында Қазақстан жастар құрамасы Астанада Словениядан келген құрдастарымен кездесіп, тең түсті. Бұл ойында есеп ашылған жоқ.
Аталған матч Талғат Байсуфинов шәкірттері үшін аса маңызды болатын. Себебі, біздің топта екінші орында дәл осы Словения келе жатыр. Алайда, Максим Федин бастаған Қазақстан жастары қанша тырысқанымен, қарсыластың қақпасының саңылауын тапқан жоқ. Екі команда тең ойынмен тарқасты.
Келесі жылы өтетін жастар арасындағы Еуропа чемпионата тоғызыншы топтан тікелей жолдаманы Франция ертерек жеңіп алған. Ал екінші орын алғандардың ішінде төртеуі қосымша 2 жолдамаға таласады.
Біздің топта 7 ойыннан кейін 11 ұпай жинаған Словения екінші орын алғандардың арасында ең соңғы орында тұр. Ал Қазақстанда 8 матчтан кейін 10 ұпай бар. Бүгін кешкісін Байсуфнов шәкірттері Словениямен екінші ойынын өткізеді.
Қазақстан U-21 – Словения U-21– 0:0Қазақстан U-21:Трофимец, Орынбасар, Наджарян (Ходжамов, 90+1), Федин, Соколенко, Перцух, Әбілғазы, Өміртаев (Солтанов, 63), Тұрсынбай, Оразов, Антипов (Уханов, 88).
Словения U-21: Сорчан, Станкович, Кухар, Липушчек, Брекало, Репас (Врбанец, 59), Пишек, Глига, Вокич (Ожболт, 76), Бижол, Млакар.