Үзіліс кезінде алаңға шығып, кеншілер қақпасына елорда командасының екінші голын соққан Марин Томасов жанкүйерлер тарапынан барынша көп дауыс жинап, аталмыш кездесудің үздігі атанды.
Екінші орында 20 жастағы Қазақстан құрамасы және «Астана» футбол клубының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов. Жас футболшы бұл ойында сол жақ қапталдағы қорғаушының міндетін атқарып, қарсылас команда қақпасына 3 соққы бағыттаған еді.
Үздік үштікті команданы осы кездесуге капитандық белгімен бастап шыққан Абзал Бейсебеков қорытындылады.
Дауыс беру бойынша үздік бестік: 1 Марин Томасов 48,7% 2 Бактиер Зайнутдинов 13,1% 3 Абзал Бейсебеков 9,8% 4Алексей Щеткин 7,9% 5 Ласло Кляйнхайслер 5,6% Сауалнамаға 3 418 адам қатысты.
Біздің серіктес: FONBET