Жарнама
Жарнама

Жанкүйерлер Роналдудың артынан көшіп кеткендей

20.08.2018, 22:12
Жарнама
Жарнама

"Реалдың" жанкүйерлерінің жартысы тек Роналдудың жанкүйері екенін байқатты: мадридтік клуб стадионға келушілер саны бойынша антирекоррд жасады. "Сантьяго Бернабеуде" соңғы тоғыз жылда жанкүйерлер саны мұндай аз болмаған. "Реал" Испания чемпионатының 1-ші турында өз алаңында "Хетафені" 2:0 есебімен жеңген болатын. Алайда, бұл кездесу жанкүйерлердің қызығушылығын туғыза алмаған сыңайлы. "Реалдың" стадионы 80 мың адамды сиғыза алады, бірақ бұл кездеуге48 466 адам келген екен.   Goal басылымының хабарлауынша, бұл көрсеткіш "Реалдың" өз алаңындағы ойындарының соңғы тоғыз жылдағы ең нашар көрсеткіш. 2009 жылдың 24 мамырындағы Мальоркаға қарсы кездесуге 44 270 адам жиналған болатын. Ол кездесудің алдында "Реал" Барселонадан" 2:6 есебімен ұтылғаннан кейінгі жеңілістер сериясы орын алған болатын. Сол жылы жазда "Реал" Криштиану Роналдуды қатарына қосты. Роналду мадридтік клуб қатарында болғалы "Сантьяго Бернабеу" жанкүйерлердің мұндай аздығын көрмеген екен. Бұл көрсеткіш сәйкестік пе, әлде Роналдудың жанкүйерлері де Туринге қоныс аударып кетті ме? Мүмкін, бұл сұрақтың жауабын "Ювентустің" өз алаңындағы ойынынан кейін алармыз!?  

Қарпық Ботпай

 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров