Жарнама
Жарнама

Жанкүйерге жарымаған - Копа Америка 2019...

18.06.2019, 17:48
Жарнама
Жарнама
Қызық! Кіл мықтылардың ойынын көруге жанкүйерлер неге келмей жүр?.. Егер сіз қазір Бразилияда өтіп жатқан Копа Америка ойындарын көріп жүрген болсаңыз, жартылай бос стадиондар мен қызуқанды оңтүстік америкалық жанкүйерлердің айқайынсыз өтіп жатқанын байқамауыңыз мүмкін емес. Тіпті, бәсекені қабылдап жатқан стадиондарды жартылалай толтырудың өзі қиынға соғуда. Мәселен, сандарға кезек берсек. Турнирдің шымылдық түрер матчы 46 000 жанкүйерге арналған "Морумби" стадионында өтті. Ал матчқа небәрі 22 000 жанкүйер келген. Осы тұста турнир қожайындары әрі басты фаворит Бразилия құрамасы ойнағанын айта кетейік. Ал 87 мың жанкүйерді құшағына сыйдыра алатын әйгілі "Мараканадағы" Парагвай - Катар арасындағы ойынды 20 000 адам ғана тамашалаған. Трибуналардың қаншалықты бос екенін мына суреттен байқаған да боларсыздар. Жуырда тағы бір тартысты матчтың бірі  Аргентина - Колумбия текетіресі де стадионда лық толған жанкүйер жинамады. Алайда, көрсеткіші жаман емес, 50 мың адамдық кешенге 35 мың билет сатылған. Осы ретте жанкүйерлер дода қызған сайын енді-енді стадионға ағыла бастай ма деген үміт болған-ды. Бірақ Венесуэла мен Перу  арасындағы ойынға бар болғаны 11 мың ғана адам келіпті. Ал "Порту-Алегри" спорт кешенінің сыйымдылығы - 60 000 адам. Яғни, стадионның алтыдан бір бөлігі ғана толған. Енді неге Латын Америкасының басты бәсекесіне жанкүйерлер қызығушылық танытпады деген сауалға келсек, бұл тұста турнир ұйымдастырушыларының жарнама жасауда кемшін түскенін айтпай кетуге болмайды. Оның үстіне билетке деген қымбат баға да қарапайым халықтың қалтасын қағатыны белгілі.

Шамкен БАЙЫРБЕК. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров