Жарнама
Жарнама

Жаңа жүйе, жанкүйерлердің жүйкесін жұқартты

20.06.2018, 02:58
Жарнама
Жарнама
Осы жылғы Ресейдегі  әлем чемпионаты, барша жанкүйерлердің жадынан өшпестей өтіп жатыр. Өшпейтіндігі, Ресейдің қалың ормандары мен жер аумағы емес. Қызығы, командалардың жеңіске жетуіне 11-метрлік айып добының байланысында . Осы жылы енгізілген жаңа жүйе, кей құрамаларды құрдымға жіберіп жатыр. Олай дейтініміз "VAR" технологиясы футболшылардың әр адымын аңдып отырып, ойындардағы пенальтилер санын көбейтуінде . Бұл жаңа құрылғыны "төрешіге көмекші" деген атпен танысақ болады. Сол себепті бұл технологияның ойынды, әділ түрде өтуіне негізгі себепкер нәрсе ретінде қарасақ болады. Жалпы, айтқанда төрткүл дүние бұл доданы "Пенальти жауған"чемпионат,- деп есте сақтайтындығы анық. Ал, енді назарларыңызға осы чемпионат басталғалы бері 11-метрлік айып добы тебілген ойындарды назарларыңызға ұсынамыз! 1)Испания-Португалия, 4 минут-Криштиану Роналду 2)Франция-Аустралия, 58 минут-Антуан Гризманн 3)Колумбия-Жапония, 6 минут-Синдзи Кагава 4) Швеция-Оңтүстік Корея, 65 минут-Андреас Гранквист 5)Тунис- Англия, 35 минут-Ферджани Сасси 6)Хорватия-Нигерия, 71 минут Лука Модрич 7) Аргентина-Исландия, ( соғылмаған айып добы) Лео Месси

Дайындаған:Әлішер Хабидолла

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров