Жарнама
Жарнама

Жаңа тәртіп Қазақ футболына да келе жатыр

27.05.2019, 20:54
Жарнама
Жарнама
Технология дәурен құрған біздің ғасырымызда ештеңе де бір орында қалмайды. Жаңашылық барлық саланы қамтығаны айғақ. Технология енді спортқа да келді. Футбол заманауи жаңалықтарға қаншама уақыт төтеп берсе де, енді көнбеске амалы қалмады. Алдымен видео-көмекші мен қосымша төреші қосылса, енді футбол тәртіптеріне тағы да бірнеше жаңалық еніп отыр. Жарты жылдың ішінде жаңа тәртіптер барлық футбол қауымдастықтарына жібертіліп, заң жүзінде бекітілді. Қазақстанда осы тәртіпті жүзеге асыру үшін төрешілер арнайы оқытылып, бірнеше семинар тренингтер өтті. Бұл тәртіптердің ішіндегі ең маңыздысы ойын барысында доптың қолға жанасуы болып отыр. Қауіпті сәт кезінде доп байқаусызда ойыншының қолына тиіп кететін болса, онда сары қағаз көрсетілетін болды. Халықаралық футбол қауымдастығы тіпті қолдың қай жеріне доп тигенде айып белгіленетініне дейін көрсеткен. Ал сол айып добын орындау кезінде, шабуылдаушы команда ойыншылары құрылған қабырғаға кедергі келтіре алмайтын болды.
Игорь ШАЦКИЙ, "Шахтер" қақпашысы "Егер осы тәртіптер заң жүзіне енсе, демек ол футбол ойынына аса қажет болып тұрғаны. Бұл заңнаманы ойлап тапқан адамдардың барлығы да саналы шешімге келіп отыр. Жыл басында өткізілген оқыту жұмыстарының біршамасын қазір ұмытып та қалдық".
Сонымен қатар, заңдардың ішіндегі ең қатты пікір талас тудыртқаны – ойыншының алмасу үрдісі. Енді бұл жүйеге де өзгеріс енеді. Футбол саласының адамдары уақыт созу деген айлалы іске де жауап тапқан сыңғайлы. Енді алаңдағы ойыншы орнын босату үшін алаңның арнайы бқлігіне келуі қажет емес. Ол өзі жақын орналасқан жерден шығып кете алады. Әзірге бұл заңның уақыт созудың қитұрқы әрекетіне балта шаба ма белгісіз. Тағы бір маңызды тұс – доптың байқаусызда төрешіге тиіп кететін жағдайында болып тұр. Егер доп төрешіге тиіп кеткен соң шабуыл жалғасып, содан гол соғылатын болса, онда гол есепке алынбай, сол жерден доп ойынға қайта қосылады. Жаңа тәртіптің негізгі бөлігі 8 бөліктен тұрғанымен, бұл жаңалықтар бірден жұмыс істеп кетеді деп айту да қиын. Футболшылардың барлығы оны түсініп, ресми матчтарда бастан өткеріп болмайынша біршама уақыт түсініспеушіліктер туындары хақ. Жаңа тәртіптердің жанкүйерлердің барлығына бірдей ұнай қоюуы да неғайбыл. Барлығын уақыт көрсете жатар.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров