«Серый CARDINAL» телеграмм-арнасының мәлімдеуінше, Қазақстан ұлттық құрама командасының бас бапкері Станислав Черчесовпен келісімшарт жақын арада үзілетін көрінеді.
Бізге келіп жеткен ақпаратқа сенсек, енді Станислав Саламұлы ұлттық команданы жаттықтырмайды.
Ресейлік маман өткен жазда Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған. Қазақстандық футболшылар оның жаттықтыруымен Ұлттар Лигасында В Лигасының үшінші тобында Норвегия, Аустрия мен Словениядан кейін соңғы орын алды.
Естеріңізде болса, Қазақстан іріктеу турниріндегі жорығын наурызда бастайды. Ұлттық команда J тобында Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейнмен таласады.
Біздің серіктес: FONBET