![](https://sun9-4.userapi.com/c7006/v7006513/4628e/se2sn4qMeUc.jpg)
Еуролиганың екінші ойынында Қазақстан құрамасы Грекия құрамасының қақпасына жауапсыз төрт гол соқты.
Ерлан Жамантаев шәкірттері топтық кезеңдегі екінші кездесуде Грекияны 4:0 есебімен жеңді.
Ойында гол соққан футболшылар - Дмитрий Перевертов, Игорь Демешко, Виталий Тюльпа және Баянбек Муралинов.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы ойынын ертең, 22 шілде күні Литва құрамасына қарсы өткізеді.
Грекия - Қазақстан - 0:4 (0:3)
Голдар: Перевертов, Демешко, Тюльпа, Муралинов.
Қазақстан құрамасы: Чорный (к), Гаврилов, Демешко, Скударнов, Муралинов, Перевертов, Чапанов, Тюльпа, Мақажанов, Макагон.
Төрешілер: Листратов, Иванов, Картман.