Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы жаңартылған әлемдік рейтингте бір орынға жоғарылады.
Қазақстан құрамасының еншісінде 170 ұпай бар. Рейтинг 113 құраманың арасында жүргізілді. Тізімді Бразилия (3620 ұпай) бастап тұр. Екінші орында - Португалия (2867). Үздік үштікті Иран (2488) түйіндеді.
Айта кетейік, шілде айында біздің құрама өз тобында Молдова (7:6), Грекия (4:0) және Литва (7:5) құрамаларын ұтып, қыркүйек айында Италияда өтетін Еуролига-2018 жарысының промо-финалына жолдама алды.
kff.kz