«Зенит» футбол клубының атқарушы директоры Александр Медведев Abnews.ru порталына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның Катардағы оқу-жаттығу жиынына келгенін растады.
Айта кетейік, Исламханның «Зениттің» жиынына аттанғаны кеше белгілі болған. Қазір Бауыржан еркін агент. «Қайратпен» арадағы келісім-шарты биыл аяқталды.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET