Италия чемпионатында өнер көрсететін "Аталанта" ЦСКА клубы және Қазақстан ұлттық құрамасының 22 жастағы жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдиновқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды "Sport24" басылымы.
Ресейлік ақпарат көзінің хабарлауынша, "Аталанта" жазғы трансферлік терезеде сол қапталын нығайтуды жоспарлауда және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысына көз тігіп отыр.
Зайнутдинов осы маусымда клубтық деңгейдегі барлық турнирлерде 29 матч өткізіп, 1 гол соқты, 3 нәтижелі пас берді.
А сериясында "Аталанта" 28 турдан кейін 55 ұпаймен төртінші орында келе жатыр.
Біздің серіктес: FONBET