Хорватияның "Динамо" (Загреб) клубы "Астананың" Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы болады.
Ол үшін елордалықтар өз алаңында тіркеген нәтижені "Митдьюландпен" болатын қарымта кездесуді сәтті аяқтаулары тиіс. Алғашқы кездесу "Астана Аренада" еліміздің чемпиондарының пайдасына шешілген болатын (2:1).
Загребтің "Динамосы" ЧЛ-ның екінші іріктеу кезеңінде Израильдің "Хапоэль" (Беэр-Шева) клубынан қос кездесу нәтижесінде басым түсті. Хорваттар өз алаңында 5:0 есебімен жеңсе, қонақта 2:2 есебімен тең түсті.