Турин ұжымы жазғы трансферлік кезеңді барынша тиімді пайдаланып, құрамды күшейтіп жатыр. Бүгін командаға тағы бір жартылай қорғаушы қосылды. "Арсенал" сапында жасындай жарқылдаған Аарон Рэмси еркін агент ретінде Маурицио Сарри баптайтын ұжымға ауысты.
28 жастағы Уэльс құрамасының ойыншысы келісім-шартқа қол қою кезінде былай деді:
"Мен осындай мықты ұжымның сапына қосылғаныма қуаныштымын. Шыны керек, "Ювентус" тарапынан ұсыныс түскенде қатты таңқалдым. Бір жағынан мен үшін үлкен мүмкіндік екенін де түсіндім. Қазір жарақатымнан ақырындап айығып келемін. Келген бетте Сарримен де сөйлесіп үлгердім. Енді тезірек жаттығу жұмыстарына кіріскенше асығамын".
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET