Турин клубының президенті Андреа Аньелли Оңтүстік Корея футбол лигасының басшысы Квон Огапуға ресми хат жолдады. Хатта Криштиану Роналдудың К-лига жұлдыздарымен болған матчта не себепті шықпағанына жауап беріпті.
"Кореядағы ойынға біздің командадан Криштиану Роналдудан басқа футболшылардың барлығы қатысты. Ал Роналду бұлшық еттерін ауырсынуына байланысты медициналық штабтың ұйғаруымен алаңға шыға алмады. Себебі, ойынға 48 сағат қалғанда Роналду "Интермен" болған жолдастық кездесуде өнер көрсеткен еді. Осыған орай, мен сіздердің және жанкүйерлердің тарапынан айтылған барлық сын мен айыптауларды негізсіз деп есептеймін"- делінген.
Шамкен Байырбек.
Біздің серіктес: FONBET