"Ювентус" Криштиану Роналдуды құрамына алғаннан кейін, 7-ші нөмірлі жейдені сатуды бастап кетті.
"Спорт-Экспресс" басылымының "Tutto Juve-ге"сілтеме бере отырып хабарлауынша, жаңа ойыншының фамилиясы жазылған туриндік клубтың жейдесіне деген сұраныс зор болып тұрған көрінеді. Сұраныстың артуының көрсеткіші - минутына бір жейдеден сатылып жатыр екен. Әр жейденің орташа бағасы 100 еуроны құрайды және туриндіктер жарты миллионға жуық жейде сатуға үмітті сыңайлы.