Кеше ғана «Қайрат» сапына ауысқан Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски Қазақстан чемпионатындағы құны қымбат ойыншылардың бірі атанды. 27 жастағы футболшы Алматы ұжымымен 3 жылдық келісім-шартқа қол қойды.
Transfermarkt, порталының мәліметіне сүйенсек, Яцектің трансферлік құны 3 млн. еуро. Айта кетейік, «Қайрат» ойыншы үшін «Лудогорецке» тура 3 млн. санап берді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» бұған дейін «Жетісу» намысын қорғаған Камо Оганесянды 1 млн. еуроға сатып алған-ды.
Енді Гуральски ҚПЛ-дегі ең қымбат футболшының бірі. Бірінші орынға украиналық Адеринсола Эсеола (3.2 млн) жайғасса, хорватиялық жартылай қорғаушы Марин Томасов (3.5 млн), ал Яцек үшінші сатыда.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET