![](http://aladop.kz/wp-content/uploads/2018/09/ябл-480x284.jpg)
"Астананың" Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі қарсыласы Чехияның "Яблонец" клубының бас бапкері Петр Яда командасының топтан шығу мүмкінідігі туралы ойымен бөлісті.
"Бұл Еуропа Лигасы болғанымен, бізге мықты қарсыластар бұйырды. "Динамо" Чемпиондар Лигасына шығуға сәл қалды, "Астана" Чемпиондар Лигасында үш жыл бұрын ойнаған, "Ренн" ең жұмбақ команда, олар еурокубоктерде ойнамағалы біраз болды. Біз барынша көбірек ұпай алуға тырысамыз, біз барлығымен тең дәрежеде өнер көрсете аламыз деп ойлаймын. Біздің топтан шығу мүмкіндігіміз "Динамомен" бірдей", - деп чехиялық клубтың бас бапкері барлық командалардың мүмкіндіктерін бағалағанын football.ua сайты "Яблонецтің" ресми сайтына сілтеме жасай отырып жеткізді.