Ертең 6 қыркүйек күні Астанада Ұлттар лигасының алғашқы туры аясында Қазақстан мен Грузия құрамасы кездеседі. Осы ойынның алдында бүгін «Астана Аренада» Грузия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс баспасөз мәжілісін өткізді.
– Ертең алаңға шығатын құрам жайлы ештеңе айтпаймын. Әлі басымда түрлі ойлар бар. Бүгінгі жаттығудан кейін 100 пайыз кімдердің дайын екенін білетін боламын. Әрине, негізгі құрамда ойын соңына дейін өліспей беріспей ойнайтын футболшылар ғана мүмкіндік алады.
– Стойлов сіздің келгеніңізге қуанышты екенін жеткізді.
– Менде қуаныштымын. «Қайрат» клубында үш керемет маусым өткіздім. Мен мұнда бұл жолы дос ретінде емес, қарсылас команданың бас бапкері ретінде келіп отырмын. Станимир Стойлов барлығын дұрыс істеп жатыр. Ол бәсекелестік дайын команда құрып жатқанын білемін. Оның «Астананың» ойынына ұқсас тактикасы бар. Енді ертең кім сапалы ойын көрсетіп, аз қателік жасаса сол жеңіске жетеді деп ойлаймын. Мұндай матчта жеңіске деген жігердің өзіндік рөл атқаратынын да естен шығармайық. Біз Станимир екеуіміз өмірде доспыз, бірақ ертең алаңда қарсылас боламыз.
– Сіз кезінде «Қайратпен» келгенде тоқтап жүрген қонақ үйді таңдапсыз. Бұл өткен шаққа деген сағыныш ностальгиясы ма?
– Мен бұл қонақ үйді жақсы білемін. Аспазшысы да керемет. Қайрат Боранбаевқа алғысымды білдіремін. Біздің сонда орналасуымызға көмектескен. Ол отельде өзіміздің үйде жүргендей сезінеміз. Маған қазір маңыздысы қонақ үй емес, ертеңгі ойын. Бұл жолы басқа нөмірдегі бөлменді таңдадым. Әйтпесе, «Қайратпен» келген сайын бір нөмірге орналасатынмын. Осы жолы азда болсын бірдеңені өзгерткім келді.
– Астана Аренаның алаңы туралы не айтасыз?
– Алаңның сапасы өте керемет. Бұл тұрғыдан мәселе болмауы тиіс. Бұл командалардың сапалы ойын көрсетуіне мүмкіндік береді. Қазақстанның да, Грузияның өзіне тән ойын стилі бар. Кімдікі үздік екенін ойында байқайтын боламыз. Маңызды ойын екені рас, бірақ топтан шығатын шешуі кездесу емес. Жеңіс үшін алаңға шығамыз. Өйткені, әрбір ұпай алтынмен тең.
– Стойлов, Грузия осы топтың фавориті деп атады. Сіз бұған келісесіз бе?
– Станимир өте ақылды бапкер. Алайда соған қарап, Қазақстанды топтың фавориті деп санамаймын. Екі команданың мүмкіндігі бірдей. Яғни 50:50. Қазақстанның да, Грузияның да өз артықшылығы және кемшілігі бар.
Егер мен өз құрамамды топтың фавориті деп айтсам, Латвия мен Андорра ақымақ деп ойлайтын шығар. Олардың да жеңіске жеткісі келеді. Әрине, стадион толы болады. Сол себепті қызықты ойын өтеді деп сенемін.
– Бауыржан Исламхан Еуропадағы чемпионаттардың біріне ауыса ма?
– Мен оны осыдан екі апта бұрын көргенмін. «Қайрат» Чехияда Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде ойнаған кезде Қуат екеуінің ойынын көру үшін бардым. Ол әлі жас, «Қайраттың» көшбасшы футболшысы. Басқа чемпионатта да ойнап кетуі мүмкін. Оған жеткілікті түрде қабілеті бар. Бірақ өзі қалай ойлайтынын мен білмеймін.
Біздің серіктес: FONBET