Жарнама
Жарнама

Владимир Плотников «Ордабасыда» қалатын болды

28.01.2021, 02:13
Қақпашы Александр Седневтің сеніміне кірген секілді.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Ордабасының" тәжірибелі қақпашысы Владимир Плотников клубпен жаңа келісімшартқа отырып, командада қалу туралы шешім қабылдады.

Плотников Қазақстан чемпионатының өткен маусымында "Ордабасы" үшін 12 кездесуге қатысып, 13 гол жіберіп алды. Ал 4 кездесуде қақпасына гол жібермеді. Владимир ағымдағы маусымда қақпашы Давид Юрченко мен Егор Цуприковтан айырылған "Шахтермен" келіссөздер жүргізіп жатқан еді. Бірақ "Шахтер" Игорь Шацкийді қайтару туралы шешім қабылдады.

34 жастағы Плотников бұған дейін "Қайрат" сапында ойнаған, бірақ 2019 жылы шымкенттік клубқа ауысты. Өткен жылы қақпашы бірнеше рет Қазақстан құрамасына шақыртылған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров