Жарнама
Жарнама

Владимир Никитенко: «Жергілікті футбол тәрбиеленушілерімен фавориттерге қарсы тұрғанымызға қуаныштымын»

05.11.2020, 20:45
Ойындағы жалғыз голды Серж Ньюадзи соққан еді.
Жарнама
Жарнама

"Тараздың" бас бапкері Владимир Никитенко Премьер-Лиганың 17-турындағы "Астанаға" қарсы ойын (1:0) туралы пікір білдірді:

- Менің ойымша, жалпы алғанда, біз бұған дейін чемпионмен тең дәрежеде қарастырылған команданың бірімен жақсы кездесу өткіздік. Соңғы ойындарда қарсыластың шабуылдарын тоқтату, әр түрлі аймақтарда қысым жасау жағынан айқын прогресс байқалады және позициялық шабуылдар туралы түсінік бар. Барлығы ойдағыдай бола бермейді, бірақ көптеген матчтарда ұпай жоғалтуға әкелген қателіктер орын алған жоқ. Жалпы, ойыншылардың алға жылжуы байқалады, бұдан кейін олардың өздеріне деген сенімділігі арта түседі деп ойлаймын.

Келесі ойындарда да команданың жағдайын жақсартамыз деп үміттенемін, бірақ тағы да командалардың деңгейі теңестірілді, бұған кестенің жоғарғы жағындағы командалардан ұпай жинап үлгерген "Қызыл-Жар" мен "Каспийді" мысал ретінде алсақ болады. Біздің клубта басқа командаларға қарағанда жергілікті футбол тәрбиеленушілері көп ойнайды. Мұндай жүйенің көмегімен фавориттерге қарсы тұрғанымызға қуаныштымын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров