"Тараздың" бас бапкері Владимир Никитенко Премьер-Лиганың 18-ші турында "Шахтермен" (2:4) болған матч туралы пікір білдірді:
- Біз бұл кездесуге ерекше дайындалып келдік. Турнир кестесі тұрғысынан бұл матч өте маңызды болды. Өкінішке орай, барлық жоспар ойын басында бұзылды. Қызыл қағаз - пенальти - гол. Он адаммен жеңіске жету өте қиын. 90 минут ішінде біз шабуылдауға тырыстық, бірақ олар жақсы қорғана білді. Нәтижесінде қарсы шабуылдар жасай алмадық.
Екінші таймда біз құрамды жаңартып, шабуылды күшейтуге, шабуыл шебіндегі динамиканы көтеруге тырыстық. Біз екі гол соға алдық, бірақ "Шахтер" сияқты команданы он адаммен жеңу қиынға соқты. Ойынды тоқтатпаған командаға рахмет айта аламын. Мен олардың матчқа деген кззқарастары үшін қуаныштымын, олар қиын сәтте мінез көрсетті.
Халықаралық үзіліс кезінде сіз азшылықта қалай ойнау керектігін, сондай-ақ қақпашылардың 11 метрлік соққыларды қалай тосатынына назар аударуыңыз керек. Өкінішке орай, біздің қақпамызға алты пенальти тағайындалды, барлығы голға айналды. Сонымен қатар ойынды барлық кезеңде жетілдіру қажет.
Біздің серіктес: FONBET