«Тараздың» бас бапкері Вардан Минасян клубтың баспасөз қызметіне «Атыраумен» өткен матч туралы пікір білдірді.
- Вардан мырза, ойын туралы пікіріңіз қандай?
- Бұл биылғы маусымдағы біздің ең нашар ойынымыз болды. Шабуылда да, қорғаныста да өндіріп ешнәрсе жасай алмадық. Тіпті психологиялық тұрғыда да солай. Осы кездесуге дейінгі ойындарда, тіпті ұтылған матчтарда да командалық әрекет жоғары деңгейде болып еді. Барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын. Әуелі не болды және неге деген екі сұраққа өзіме өзім толық жауап беруім керек.
- Кездесудегі ойыншылардың алмасуында қандай мағына жатыр?
- Сүлейдің жарақаты болды. Ал өзге футболшылардың алмасуын ойынның өзі талап етіп тұрды. Бірнәрсені өзгертіп, тың ойыншы шығарып, ойынды күшейту қажет болды.
- Бұл команданың осымен үшінші мәрте қатарынан жеңілуі. Қазіргі кезде команда ішіндегі жағдай қалай?
- Әрине, осындай матчтардан кейін футболшылардың моральдық тұрғыдан жағдайы жақсы емес. Нашар ойын болғанын бәрі түсінеді. Ал ішкі микроклиматты айтатын болсам, жалпы мен жұмыс істеген барлық командамда микроклимат жақсы, жылы және қолайлы қарым-қатынаста қалыптасады. Біз командада жақсы қатынасты сақтап, позитивте болуымыз керек. Осылай болған және солай бола береді. Жеңіліс бізді жан-жаққа ыдыратып жібермеуі тиіс. Бірге ұйымдасып, бұл жағдайды түзетуіміз керек.
- Педро Эуженионың ем қабылдауы қалай өтіп жатыр, ол командаға жақын уақытта орала ма?
- Келесі ойынға дейін ол осында келеді деп үміттенеміз. Бірақ ойнап кете ала ма, аз уақыт немесе толық ойынды өткізе ала ма? Соны білу қажет. Қалай болғанда да біз оның денсаулығына жауапкершілікпен қарап, тәуекелге бармаймыз. Ал Адамович пен Коджо келер ойында алғашқы минуттан бастап алаңға шыға алатын шығар деп ойлаймын.
«Тараз» КФК баспасөз қызметі
Біздің серіктес: FONBET