Ресей құрамасының ойыншысы Денис Черышев "Барселона" сапына ауысуы мүмкін.
Испаниялық басылым Don Balon-ға сілтеме жасай отырып, "Спорт-Экспресстің" хабарлауынша, "Барселонаның" бас бапкері Эрнесто Вальверде "Вильяреалдың" ойыншысы Черышевты команда құрамына алу туралы өтінішін басшылыққа жеткізген. Вальверде Черышевтың Ресейдегі ӘЧ-ғы өнеріне тәнті болған көрінеді. Черышев әлем біріншілігінде 4 гол салып Ресей құрамасының үздік сұрмергені болған еді.
Денис Черышев Мадридтің "Реал" клубының түлегі болып табылады.