Жарнама
Жарнама

Вагнер Лав жаңа келісімшарт ұсынылғанына қарамастан «Қайраттан» кетуі мүмкін

05.11.2020, 15:47
Шабуылшының қазіргі келісімшарты желтоқсан айында аяқталады.
Жарнама
Жарнама

Championat.com сайтының хабарлауынша, «Қайрат» шабуылшы Вагнер Лавқа 2020 жылдың желтоқсанында аяқталатын келісімшартты тағы бір жылға ұзартуды ұсынған екен.

Metaratings.ru сайтына белгілі болғандай, бразилиялық форвард ЦСКА-ға қайтып оралуы мүмкін болғанға дейін, яғни қыс мезгіліне дейін Қазақстан чемпионымен еңбек келісімін жаңартуға асықпайды. Вагнердің өзі және оның агенті шабуылшының қаңтар айында ЦСКА-мен 2020/21 маусымның соңына дейін келісімшарт жасасқанын қалайды, содан кейін ол мансабын аяқтап, мәскеулік клуб құрылымында жұмыс істемек.

«Вагнер Лавты қатарға қосу - ресейлік ұжым үшін де, біздің тарап үшін де жақсы мүмкіндік. Бізде енді Вагнердің өткен жазда оралуына кедергі болатындай мәселе жоқ. Бұл бір оқиғаның бақытты соңы болар еді, бірақ біз алдын-ала ештеңе айта алмаймыз.

Мүмкін Вагнер ЦСКА-ға оралып, командаға көптен күткен чемпиондықты жеңіп алуға көмектесе алатын шығар. Бірақ қазір біздің ойымыз "Қайратта" болып тұр. Ол Қазақстан чемпионы атанғанына өте қуанышты», - деді Вагнер Лав өкілдерінің бірі Metaratings.ru сайтына берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров