«Қайрат» футбол клубы бразилиялық шабуылшы Вагнер Лавпен жаңа келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы алматылық клубтың ресми сайты мәлімдеді.
Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 36 жастағы ойыншы келісімшартты тағы бір жылға ұзартты.
Айта кетейік, «Қайрат» қарашаның басында Қазақстан чемпионы атанған болатын. Алматылық клуб 16 жыл күткен чемпиондық атаққа чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда мерзімінен бұрын қол жеткізді.
Ал Вагнер алматылық клубқа 8 шілдеде ауысып келген болатын. Содан бері ол Премьер-лигада 13 матчқа қатсып, 7 гол соқты және 5 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET