"Урал" клубының президенті Григорий Иванов қазақстандық футболшы Ян Вороговскийдің трансфері туралы сұраққа жауап берді.
"Егер Вороговскиймен келісім-шартқа қол қойсақ, ол біздің ойыншы болады. Қазір бірдеңе деп айтудың ешқандай мәні жоқ. Не үшін? Бір нәрсе айтасаң, ол екі есе қымбатқа түсуі мүмкін. "Урал" көптеген ойыншыларға қызығушылық танытуда, бірақ трансфер тыныштықты жақсы көреді. Әзірге командаға кімнің келетінін жарияламаймыз. 14-інде оқу-жаттығу жиыны басталады. Вороговский келсе – Вороговский командаға қосылады деген сөз. Бұл бөлек тақырып, ол туралы ұзақ сөйлесуге болады", – Иванов "Спорт-Экспресс" басылымына берген сұхбатында.
Вороговский қазіргі таңда еркін агент болып табылады. Өткен маусымда бельгиялық "Беерсхот" сапында 22 ойынға қатысып, бір гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET