Біздегі ақпаратқа сәйкес, ҚПЛ-дің жаңа өкілі «Ұлытау» намысын келесі маусымда Лаша Касрадзе қорғамақ.
Грузиялық қорғаушы жезқазғандық ұжымға өз отанының «Руставиінен» ауысып келген. Өткен маусымда Грузияның Эровнули 2 лигасында футболшы 21 ойында алаңға шығып, бір рет мергендік танытқан. Естеріңізде болса, 35-жастағы ойыншы осыған дейін де Қазақстанда доп теуіп кеткен болатын – 2023/24-жылғы маусымда «Жеңіс» жейдесінде өнер көрсетсе, 2019 жылғы маусымда талдықорғанның «Жетісуы» және 2020-да «Таразда» ойнаған еді. Жалпы, мансабында әзербайжайнның «Азал», «Интер Баку» және грузиялық «Самтредиа», «ВИТ Джроджиа», «Шукура», «Сиони» секілді командалардың намысын қорғады.
Айта кетейік, «Ұлытау» көкшетаудың «Оқжетпесімен» бірге биыл Қазақстан премьер-лигасында бақ сынамақшы. Қос клуб былтыр Бірінші лигада бірінші және екінші орындар алып, жоғары дивизонға көтерілген болатын. Жезқазғандық команда енді ҚПЛ деңгейіне лайық болудың қарекетін жасап жатыр.
Біздің серіктес: FONBET