![](https://sun9-2.userapi.com/c635103/v635103003/2d9e8/i_kp-zKI-iY.jpg)
2018 жылдың 6 қыркүйегінен бастап 20 қарашаға дейін болатын УЕФА Ұлттар Лигасының ең қызықты ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы спорт телеарнасының баспасөз-қызметі жазды.
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Қазақстан құрамалары ойнайтын D дивизионы, сонымен қатар, А дивизионындағы (Германия, Англия, Испания, Хорватия, Франция, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Бельгия) матчтарды көрсету құқықтарына ие болды.
УЕФА Ұлттар Лигасы - Еуропада өтетін Ұлттық құрамалар арасындағы футбол турнирі. 2018 жылдың 6 қыркүйегінде Астана қаласындағы «Астана Арена» стадионында Қазақстан – Грузия құрамаларының ойындарынан басталады.
Бұл турнирде бірқатар қлттық командалар финалдық кезеңге өту мүмкіндігіне ие болып, әр лиганың жеңімпаздары Еуропа чемпионатына жолдама алады.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар Лигасының өткізілуі туралы шешім алғаш рет 2014 жылы Астанада өткен УЕФА-ның XXXVIII Конгресінде қабылданған болатын.