Айта кетейік, 2020-2021 жылы өтетін Ұлттар лигасының жеребесі 2020 жылы 3 наурызда Нидерланд астанасы Амстердамда өтеді.
Әзірге командалар 4 девизион бойынша 4 себетке орналастырылды. Мәселен, "С" девизионы былай бөлінген:
Бірінші себет – Грекия, Албания, Черногория, Грузия;
Екінші себет – Македония, Косово, Беларусь, Кипр;
Үшінші себет – Эстония, Словения, Литва, Люксембург;
Төртінші себет – Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Молдова.
Аталған тізімді УЕФА атқару комитеті мақұлдады. Жеребе кезінде "С" девизионының 16 ұжымы тағы 4 топқа бөлінеді. "А", "В", "С" девизиондары 16, "Д" девизионы 7 құрамадан тұрады.
Есеріңізге сала кетейік, Ұлттар лигасы 2018 жылдан бастап өткізіліп келеді. Өткен жылы Қазақстан құрамасы «Д» дивизионында бірінші топта Грузия, Латвия, Андорра құрамаларымен сынға түсіп, алты ұпаймен екінші орын алған еді. Іріктеу кезеңі ойындары 2020 жылдың 3 қыркүйегі және 17 қарашасы аралығында өтеді.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET