Жарнама
Жарнама

Украиналық шабуылшы «Ақтөбеге» «жоқ» деді

06.01.2025, 12:51

Ақтөбелік команда украиналық вингер Денис Антюхке қызығушылық танытып, футболшыны тартудың амал-әрекеттерін жасамақ болды деген ақпарат бар.

Денис Антюх
Жарнама
Жарнама

Алайда, ойыншының өзі Қазақстан премьер-лигасына келуден үзілді-кесілді бас тартқан көрінеді. Себебі, Антюхтің «Зарядағы» жағдайы да жаман емес секілді. 27-жастағы шабуылшы биылғы маусым барысында луганскілік команда сапында 10 ойынға қатысып, 5 ассист берген. Бұдан бөлек, Украина Кубогі жолындағы жарыстағы екі матчы бар.

Денис Антюх «Зарядан» басқа тағы «Динамо» Киев, «Колос» Ковалевка», «Балканы» Заря мен «Нефтяник» секілді командалардың жейдесінде доп тепкен. Футболшыны Луганскілік ұжым 2022-жылы киевтің «Динамосынан» 500 мың еуроға сатып алған. Қазіргі нарықтық құны 600 мың еуроға тең.

Футболшы мен «Заряның» арасындағы келісімшарт биылдың 30-маусымына дейін жарамды. Луганскілік команда УПЛ-дің 17-турынан кейін 22 ұпаймен сегізінші сатыға жайғасқан.     

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров