Жарнама
Жарнама

"Уфа" Сейдахметтің негізгі құрам үшін бәсекелесін мәскеулік ЦСКА-ға жібермей қойыпты

23.08.2018, 20:25
Жарнама
Жарнама
 
"Уфа" жартылай қорғаушысы Иван Обляков үшін ЦСКА-ның ұсынған бағасын қабыл алмапты.
Белгілі спорт журналисті Нобель Арустамянға сілтеме бере отырып, "Спорт-Экспресс" басылымының хабарлауынша, екі клуб өкілдері кездесу барысында келісімге келе алмаған көрінеді. Башқұртстандық клубты ойыншы үшін мәскеулік армияшылардың берген 3 миллион еуросы қанағаттандырмаған сыңайлы. Алайда, "Уфаның" Еуропа Лигасындағы Глазгоның "Рейнджерс" клубына қарсы кездесулерінен кейін келіссөздерге қайта оралулары жоққа шығарылмай отыр. "Уфа" ЦСКА-ның ұсынысын қабыл алып қалуы да ықтимал екен. Обляковты мәскеулік клуб жиі жарақаттанып жүрген Алан Дзагоевке балама ретінде қарастырып отырған көрінеді. Қазақстандық жас шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет те "Уфа" клубында Обляковтың алаңдағы орнына жақын өнер көрсетеді. Сондықтан да ресейлік ойыншы Еркоштың клубынан кетсе, отандасымыздың негізгі құрамға жақындай түсу мүмкіндігінің артары анық.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров