Жарнама
Жарнама

"Уфа" Сейдахметсіз Еуропа Лигасының плей-офф кезеңіне шықты (Видео)

17.08.2018, 04:47
Жарнама
Жарнама
Башқұртстанның "Уфа" ФК-ы Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңін артқа тастады. "Уфа" үшінші кезеңде Люксембургтің «Прогресс Никеркорн» клубынан екі кездесу қорытындысы бойынша басым түсті. Алғашқы ойын Уфада алаң иелерінің пайдасына (2:1) шешілген болатын. Қарымта кездесу бүгін өтіп, қарсыластар 2:2 есебімен тең тарқасты. Плей-офф сатысында уфалықтар шотландиялық «Глазго Рейнджерс» пен словениялық «Марибор» клубтарының бірімен жұп құрайды. Естеріңізге сала кетер болсақ, "Уфа" сапында Еркебұлан Сейдахмет жарақатына байланысты Еуропа Лигасына қатысатын ойыншылар қатарына тіркелмеген болатын. https://youtu.be/IGKDMxw6_tI?t=36  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров